БҚО-да туберкулезге қарсы диспансердің ескі ғимаратында 11 отбасы тұрып жатыр

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Жымпиты ауылында туберкулезге қарсы диспансердің бұрынғы ғимаратында 11 отбасы тұрады. Тұрғындардың көпшілігі жалғызбасты аналар.

Елена Мамбетова бес ұлымен бірге осы ескі ғимаратта жеті жыл бойы тұрып келеді. Бұрынғы ғимаратта жөндеу жұмыстарының болмағаны көрініп тұр. Оған қоса бұл жерде ауыз суы мен канализация құбыры жоқ. Жергілікті биліктегілер былтырғы жылы жатақхана жанынан дәретхана орнатып берді дейді оuralskweek.kz-ке сілтеп, Stan.kz.

Үйде тұратын адамдардың көпшілігі тұрақты жұмыс істемейді және күнделікті тапқан табыстармен жан бағып жүр. Тұрғындардың арасында жалғызбасты аналар да бар.

24 шаршы-метрлік бөлмеде Еленамен бірге бес ұлы, келіні және кішкентай немересі тұрады. Сонымен қатар, ғимараттың тұрғындарының арасында екі адам туберкулезбен ауырады.

Елена Мамбетова отбасына шәй беру үшін ғимараттың басқа бөлігіне баруы керек. Оның өзіне аулаға шығып, тағы 30 метрдей жер жүру керек. Асханана да жөндей жұмыстарын талап етіп тұр.

Алайда, 11 отбасының осы ас бөлмеден басқа тамақ жасайтын жерлері жоқ.

Жергілікті билік өкілдері 2018 жылы бұл ескі ғимараттың төбесін жасап беретінін айтты. Көшіру және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін оларда ақша жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

2018 жылы информатика пәні мектептерде 3-сыныптан бастап оқытылады 

Алматы облысында ауыл жастары ақша жинап, тұрмысы төмен 25 отбасыға көмір алып берді (фото, видео) 

Мектепте ақша жинайды, оларда мафия бар: Шымкентте 11-сынып оқушысы өзіне қол жұмсаған 

Алматы облысының тұрғыны сәбиінің өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар