БҚО-да оқ жарақатынан мерт болған полиция қызметкерінің әкесі оқиғаның мән-жайын айтып берді

БҚО-да 6 қыркүйекте АІІБ ауласында оқ жарақатынан мерт болған батальон командирі Рүстем Рақышевтің әкесі оқиғаның мән-жайын айтып берді. Айтуынша, полицейлер кей фактілерді жасырып отыр.

БҚО-да оқ жарақатынан мерт болған полиция қызметкерінің әкесі оқиғаның мән-жайын айтып берді

Бұл туралы «Уральская неделья» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ақжайықтағы АІІБ-де арнайы күзет қызметінің 24 жастағы қызметкері Серік Ғаріп өз басшысына 7 рет оқ атқан. Полицияның ресми нұсқасы бойынша, Рақышев 4 оқ жарақатынан мерт болған. Марқұмның әкесінің сөзінше, полиция басқармасы осы тұста кей фактілерді жасырып отыр.

«Қолыма сот-медициналық сараптаманың қорытындысын берді. Онда ұлымның денесінен 6 оқ алынғаны жазылған. Бірінші оқ аяғына, екі оқ басына, біреуі мойнына және тағы екеуі денесіне тиген. Бір оқты сол күйі таба алмады. Және оқсауытта тағы бір оқ қалған», – дейді марқұмның әкесі Жасқайрат Рақышев.

БҚО-да оқ жарақатынан мерт болған полиция қызметкерінің әкесі оқиғаның мән-жайын айтып берді

Марқұмның туыстарының сөзінше, Рүстемнің өлімі алдын ала ойластырылған. Мұнда МКҚБ және АІІБ басшылығының өз қызығушылығы бар, дейді олар.

«Бәрі алғашқы кешкілік түгендеу кезінде орын алған. ол жерде МКҚБ басшысы Әділбек Жалмағамбетов, бірінші взводтың басшысы ретінде Рүстем мен екінші взводтың басшысы Бисалиев болуы керек. Алайда сол күні түгендеуді Рүстемнің өзі ғана өткізген. Бізге Рүстемге оқ атқан Серік Ғаріп жиі кешігетінін, сол күні кешке де жұмысына кешігіп келгенін айтты. Рүстем сол үшін оған ұрысқан. Түгендеуден кейін ұлым және тағы бірнеше қызметкері АІІБ ғимаратынан шыққан. Оның артынан Ғарып те еріп шығыпты.

Бізге айтқандай, бейне бақылау камерасындағы жазбадан Рүстем мен Серіктің арасында ұрыс немесе қақтығыс болмағаны көрінеді. Ғаріп тапаншаны суырып алып, ескертусіз оқ жаудыра бастаған», – дейді марқұмның әкесі.

Қазіргі уақытта марқұмның туыстары қорғаушы жалдаған. Олар болған жағдайда бар кінәні марқұмға аудара салады ма деп қауіптеніп отыр.

«Үлкен ұлымды, тірегімді, басты көмекшімді жоғалттым. Басқа жоғалтатын ештеңем жоқ. Әрі қарай қалай өмір сүрерімізді білмейміз. Сондықтан әділеттілік үшін күресетін боламын», – дейді Жасқайрат Рақышев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар