БҚО-да байлаулы тұрған ит босанып кетіп қойға шапты
БҚО-ның Теректі ауаны, Ақсуат ауылында бұрындары иттердің қорадағы қойға шапқан кезі болған. Тұрғындар ол кезде иттердің қасқыр деп болжады. Енді байлаулы тұрған иттің нақ өзі 20 қойды тамағынан алды, деп хабарлайды Мой город.

Бұл оқиға 23 сәуір күні Ақсуат ауылында болды.
“Көршінің иті байлаулы тұрған жерінен босанып кетіп қойларға шапты. Онымен қоймай қой иесін де тістеп алды. Қазір ит байлауда. Оған екпе салып өлтіріледі”, – дейді Ақсуат ауылдық округі әкімдігінің маманы Моншақ Саматова.
Моншақ Саматованың айтуынша, ауылда өзге қаңғыбас иттерге тексеріс жүргізеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі