Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бізге үйден басқа ешнәрсе керек емес": Көпбалалы аналар Үкімет үйінің маңына жиналды

Елордада көпбалалы аналар Үкімет үйінің алдына жиналып, баспанаға қатысты мәселелерді шешуін талап етті. Олармен кездесуге қала әкімі Бақыт Сұлтанов келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет үйінің маңында жиналған аналар баспана мәселесінің шешілгенін қалайтындарын жеткізді. Әкімдік мәліметінше, олар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескісі келетінін айтты.

Өз кезегінде кездесуге келген елорда басшысы Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналардың мәселелерін шешу үшін баспана құрылысына бюджеттен бөлінетін қаржының ұлғайтылғанын айтты.
«Кезекте тұрғандарға баспана беру үшін, оны салу керек. Республикалық бюджеттен қосымша трансферттер бөлінді. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдармен бірге бюджетті оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үнемделген қаржы халықтың әлеуметтік осал топтарының мәселелерін шешуге бағытталады», - дейді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі. 

Сұлтановтың мәліметінше, биылғы жылы әкімдік 1 900-ға жуық пәтер бөлуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, көпбалалы отбасыларға 600 пәтер беру үшін, бюджеттен қаржы бөлініпті. 

«Бізде заң, тәртіп бар. Кезекті сақтауымыз керек. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында баспанаға мұқтаж жандар тізімінде 45 мың адам тұр. Олардың 20 мыңнан астамы халықтың әлеуметтік осал тобынан. Бұл ретте мемлекет тек жалдамалы баспана құрылысы арқылы тұрғын үй бере алады», - дейді Сұлтанов. 

Алайда Үкімет үйінің алдына жиналған әйелдер көпбалалы аналарға пәтердің жылдамырақ беріле бастағанын талап етті. 

«Біздің басты өтінішіміз – баспана. Басқа ештеңе керегі жоқ», 

Жиналған көпбалалы аналарды премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев тыныштандыруға тырысып, әр жағдайды жеке қарастыру керек екенін атап өтті. 

Артынша Сапарбаев, Сұлтанов пен индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев көпбалалы аналарды қабылдай бастады. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр