Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біздің бір жылдық жалақымыздан көп: Октоберфесте даяшы 5,5 мың еуро табады

Желіде германиялық Deutsche Welle телерадиокомпанияның твитіне назар аударылды. Онда Октоберфест фестивалінің екі аптасында даяшылар шайлықпен қосқанда орташа есеппен 5,5 мың еуро (қазіргі бағам бойынша шамамен 2 млн 300 мың теңге) табыс табатыны жазылған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Біздің бір жылдық жалақымыздан көп: Октоберфесте даяшы 5,5 мың еуро табады

Желі қолданушыларының кейбірі мұндай табыстың қазастандықтардың бір жылдық орташа жалақысынан көп екенін айтты. Статистика жөніндегі комитет мәліметіне сәйкес, 2018 жылдың 2-тоқсанында Қазақстанда бір жұмысшының орташа жалақысы 162,751 теңге екені көрсетілген. Осы көрсеткішке сүйенсек, қазақстандықтардың бір жылдық жалақысы орташа есеппен 1 миллион 953 мың теңгені құрайды.

«Мен Германиядағы санитарлық техниктердің қанша жалақы алатынын сұрауға да қорқып отырмын», – деп таңғалды қолданушы @turkmendagz.

Сонымен қатар өзге желі қолданушылары ең білікті деген даяшылар ғана осындай жалақы алатынын айтты.

«Октоберфеске тек ең үздіктерді, толы 5 подностағы ас-судың бір тамшысын да төкпестен әрлі-берлі тасып, 2 апта бойы тамақ пен ұйқыға үзіліссіз жұмыс істей алатындарды алады», – дейді бойжеткендердің бірі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау