Назарбаев футболдан Әлем чемпионатының ашылу салтанатына барады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге қолдау көрсету үшін, футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатының ашылу салтанатына барады. Елбасы бұл туралы Қытайдағы журналистермен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агентігі, ҚазАқпарат-қа сілтеп.

“Владимир Путинге келетін болсақ, ҚХР Төрағасы оны орденмен марапаттады. Мен оның бұл әрекетін жоғары бағалаймын. Мұндай жағдайда, біз Ресей басшысын қолдауымыз керек. Оған қолдау көрсету үшін, мен Әлем кубогының ашылу салтанатына барамын. Негізі, соңғы ойындарға барып жатады, бірақ мен ашылу салтанатына баруды жөн санап отырмын. Кейбіреулер наразылық танытып жатыр. Ал біз жақын доспыз, сондықтан онда баруға тиіспіз. Яғни, мемлекет басшыларының арасындағы қарым-қатынас әртүрлі қалыптасып жатады. Достық қарым-қатынас достықты туындатады. Алайда саясаткерлердің достығы – махаббат емес. Саяси достық та, адам ретіндегі достық та бар”, – деді президент.
Алматыда қандай діни ұйымдар бар? Олардың тыныс-тіршілігімен танысып қайттық (Фоторепортаж)
Дін қызметкері Қазақстандағы конфессияаралық келісім деңгейін жоғары бағалады
Астаналық әйел автобус бақылаушысын өзіне қол көтерді деп айыптады
Тұрғын: "Жолаушы жолақы төлеу мәселесіне тап болса, сіздермен дұрыс тілдесе алмайды"