Біз мақтан тұтатын қазақтан шыққан Ұлы Отан соғысының 5 батыры
Ұлы Отан соғысының шежіресінде Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский, Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова секілді қазақ жерінен шыққан батырлардың есімдері алтын әріппен жазылды. Міне, көпшілігі осы аты аталған батырларды ғана жақсы біледі. Бірақ, дәл осылар секілді ерлік көрсеткен көптеген қазақтың батыр ұлдарының есімдері соңғы уақытта көп аталмай жүр. Осыған орай Stan.kz ақпарат агенттігі назарларыңызға есімдері көп аталмағанымен, халық мақтан тұтатын Ұлы Отан соғысының 5 қазақ батырын ұсынады.
Соғыс басталғаннан бастап қазақстандықтар шынайы патриотизм мен батылдық танытты. Ұлы Отан соғысы жылдарында ел КСРО-ның басқа республикалары секілді фашизмді бірлескен күш-жігермен жеңу үшін бәрін берді.
Сол кезде Қазақ КРС-нен майданға 1 миллион 200 мыңнан астам сарбаз, 12 атқыштар, 4 кавалерия дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 50-ге жуық жеке полк пен батальондар мобилизацияланды.
Қазақстандықтар жиі майданның ең қауіпті аумақтарының біріне түсіп отырды. Бұл соғыс Кеңес халқына үлкен зардап әкелді. Ал фашистер соғысты Атлантикадан Сібірге дейін ұлы мемлекет құру жолындағы шешуші кезең ретінде қарастырды. Бірақ кеңес халқы немістердің көзілеспес соғыс туралы жоспарынының күл талқанын шығарды.
Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалы, Ленинград, Сталинград қабырғалары үшін соңғы демі қалғанша күресіп, Украинаны және Белорусияны, Балтық республикаларын және Еуропа мемлекеттерін фашистік езгіден босата отырып, теңдесі жоқ батырлық көрсетті. Ал, Мәскеу үшін шайқаста мәңгілік даңққа бөленген Қазақстанда құрылған генерал Панфиловтың 316-шы атқыштар дивизиясы аянбай күресті.
Фашистердің соққысына алғаш ұшыраған аумақтың бірі шекара жанында орналасқан Брест бекінісі. Брест қамалын қорғаушылардың арасында қазақстандықтар көп болды. Оның ішінде Жұматов, Чултуров, Ниязов және басқалары беріктік пен үлкен ерлік көрсетті. Бекініс бір ай бойы жауға берілмей, қабырғаларына 15 мың фашисті жерледі.
Әрқайсымыз Қазақстан мен Қырғызстанда құрылған генерал Панфиловтың 316-шы атқыштар дивизиясының ерлігін жақсы біледі. Панфиловшылар Мәскеу шайқасына қатысқан.
Яғни, олар 1941 жылы 16 қарашада Дубосеково станциясының жанындағы төрт сағаттық шайқаста 50 неміс танкісінің соққысына төтеп берген 28 панфиловшылар еді. Міне, солардың барлығы қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
Сондай-ақ, бір шайқаста 150 фашистің көзін жойған осы дивизияның құрамында болған айбынды автоматшы Төлеген Тоқтаровтың да ерлігі мәңгі ел есінде. Сонымен қатар, Бородино ауылының маңындағы ұрыста бір күнде 5 рет неміс әскерінің шабуылына тойтарыс берген Мәлік Ғабдуллинді де ұмытуға болмайды.
Айта кетсек, екінші дүниежүзілік соғыста ерлік жасаған көптеген қазақстандық қыз-жігіттерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Өкінішке орай, олардың көпшілігі бұл атақты қайтыс болғаннан кейін алды. Солардың бірі, Ленинград қорғаушысы Сұлтан Баймағамбетов, Сталинград түбіндегі майданда ерліктік танытқан Нұркен Әбдіров, Солтүстік Кавказ, 4-Украина майдандарындағы ұрыстарға, Чехословакия жерін азат етуге қатысқан Жұман Қарақұлов. Ал Днепр өзенінің жағасындағы шайқасқа қатысқан Мақаш Балмағамбетов бекіністі жауға бермей, фашистердің бірнеше атыс орны тұрған үйді жарып жіберіп батальонның алға қозғалуына үлкен үлесін қосты. Бұл үшін ол тірі кезінде-ақ, Кеңес Одағының Батыры атағын алып, кеудесіне медаль тақты.
Бұл батырлардың ерлігі туралы осы жерден оқи аласыздар:
- 397 фашистің көзін жойған батыр: Даңқты мерген Төлеуғали Әбдібековтың ерлігі.
-
Биікте қаза тапқан батыр: Кеңес Одағының Батыры Жұман Қарақұловтың ерлігі.
-
Отанға деген махаббатпен рухтанған батыр: Кеңес Одағының батыры Нұркен Әбдіровтің ерен ерлігі.
-
Ерлік үлгісін көрсеткен батыр: Кеңес Одағының батыры Сұлтан Баймағамбетовтың майдандағы ерлігі.
-
Бекінісін жауға бермеген қазақ: Кеңес Одағының батыры Мақаш Балмағамбетовтың ерлігі.