"Біз кінәліміз": Бағлан Әбдірайымов арсыз қыздардың көбеюіне қазақ жігіттерін кінәлады
Ел алдына шығып, пәктігін саудаға шығарған бойжеткеннің әрекеті әлі де қызу талқылануда. Бірқатар қоғам белсенділері арсыздықты насихаттаған бағдарламаны жабуды талап етіп, кінәліні іздеуде. Ал Бағлан Әбдірайымов барлығына қазақ жігіттерін айыптап отыр, деп хабарлайды Stan.kz.
"Өз ойымға ӨЗ ОЙЫМ... Ләйлә ханым да, анау арын 2 - млн тг сатқысы келген қарындас та кінәлі емес! Көшеге баласын тастап кеткен қыз да, шарбаққа іліп кеткен де, әжетxанаға тастаған да, қазақтың ұлттық сәукелесімен суретке жалаңаш түскен Шынар да, клубта шешінген Байзақова да, қытайға, қара нәсілдіге тиіп жатқаны да, т.б! Кінәлі - үйде отырған әкесі, ағасы, інісі, яғни біз еркек тоқтылар кінәліміз! Еще оларға жазылып, "ЛАЙК" басамыз ғой, шіркін. Әйел басқара алмайтын жағдайға жеттік. Сырттан деп жүргенімізбен ондай емеспіз. Сөзіміз өтпейді. Майдаланып біттік, қысқасы.
Эфирде осындай бағдарлама басқарып, жүргізіп жүрген /қалаулым, өз ойым, кел келінім/ басшылықтағы еркек кінәлі. Өйткені, оны үйде әйелі басқарады. Өз басым, шешендердің қыздарын немесе дағыстандық арулармен жүріп, туғызып тастап кеткен, құлақтан теуіп кеткен қазақ жігітті көрмеппін. Неге? Өйткені еркегі мықты. Жол бермейді. Айғырдың өзі үйіріне еге. Біз кімбіз? Ал, неге бізде бәрі болады. Еркектер қайда? Олар өз қарындастарына қиянат жасап әлек болуда. нәпсінің жетегінде жүр.
Омар Жәлел ағамыз айтып еді: "Ер" ол - рух, дене - қатын, деп. "Ер" жоқ, қатын көп. Жүрміз дене мүшемізді басқара алмай. Еще, спортқа барсаң "разно-раз" шақыратын ерсіздерді айтсай. Сенімен жаға ұстасқанша абыройымды ұстап қалғым келеді. Қазақ қазаққа қалай шүйлігеді, не үшін? "Әр қазақ менің жалғызым" деп, Сабыр Адай не үшін ұрандатты? Отанын сүйді, бәрін бауыр, қарындас көрді! Қоғамда мына біздер ерсізден қорқыңдар - аналар, жеңгелер, қарындастар! Кешіріңіздер! Еркек болсам да менің де намысы тиіп отыр. Менің де анам, қарындастарым, қыздарым бар.
"Біздің елдің жігіттері - жігіттердің сырттаны" едік, ал енді құрттары болдық. Ес жинайық жігіттер! Отан - отбасынан басталады. Егер де, әрбіріміз (еркектер) өз отбасымызға ие боп, қарындастарымызды қорғаштай білсек, қыздарымызға ие болсақ, өзгенің аруларын да өзіміздей көріп, сыйласақ, мұндай xалге бармас едік! Өз қарындасымызға мықтымыз деп ойлаймыз, біреудің қарындасының арымен ойнаймыз, сол сәтте үшінші біреу сіздің де үйдегі қарлығаштың айылдарын ашып кетуде. Ойланайық. Ащы шындық! Тәртіпсіздер дүремен жазалансын!" - деп пікірін білдірді Бағлан.
Естеріңізде болса, өткен аптада 19 жастағы Айнұр Жәнібекова дүйім жұрттың алдына шығып, 2 миллион теңгеге пәктігін сатқысы келетінін айтқан еді. Танымал әзілкеш Нұрболхан Шарапов осындай арсыздарды эфирден түсірмейтін бағдарламаға шүйлікті. Ол жүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына хат жолдап, оның Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері деген атаққа лайықсыз екенін меңзеді.