Біз зиян деп бас тартып жүрген 9 өнімнің адам денсаулығына пайдасы зор

Біз кейде сұлу дене бітім мен денсаулық үшін қарапайым адами қуаныштардан бас тартып жатамыз. Ал мамандардың айтуынша біз осы күнге дейін зиянды деп санап келген тағамдардың шын мәнінде адам денсаулығына кері әсері жоқ болып шықты.

Егер белгілі бір шекті мөлшерде тұтынатын болсаңыз, денсаулығыңыз үшін пайда әкелетін тағамдарды ұсынамыз.

Картоп фри

fri

Біраз уақыт бұрын диетологтар бұл тәтті тамақты дене бітімін бұзып, денсаулыққа зиян тигізетін өнімдер қатарына қосып қойған еді. Алайда оның орташа мөлшерде жейтін болсаңыз жаман ешнәрсе де болмайтыны дәлелденді. Сонымен қатар, картоп құрамында йод, В дәрумендер тобы, фосфор, аскорбин қышқылы секілді заттар иммунитетті көтеріп, тамақ тұтыну сапасын арттырады.

Балмұздақ

Балмұздақ денсаулық үшін ғана емес, дене бітім үшін де пайдалы. Сүт құрамындағы кальцийдің арқасында бұл десерт организмдегі майдың сығымдалуына мүмкіндік береді. Сүт тағамы әсіресе жүкті әйелдер мен жас аналар үшін өте қажет. Оның құрамында тағы да көптеген дәрумендер мен минералдар бар.

Попкорн

Кино сеансына осы бір тәттісіз кіре алмайтындар үшін қуанышты жаңалық бар. Бұл өнім қандағы қант мөлшерін реттеп, инсулиннің бөлінуіне жол ашады. Сондай-ақ, оның құрамында аса құнды антиоксиданттар бар.

Шоколад

Шоколад адам терісіне зиян дегенге сенудің қажеті шамалы. Шын мәнісінде нағыз шоколадтың бойында қанайналымды жақсартатын полифенол бар. Ол теріні де жақсы ұстап тұруға әсер етеді. Сонымен қатар, шоколад адамға сергектік сыйлайды. Сол себепті бір сынық шоколадтың өзі бірнеше кесе кофені алмастыра алуы мүмкін.

Майонез

Қазіргі кезде көптеген дәрігерлер емделушілеріне аптасына 2-3 мәрте салатқа майонез қосып жеуді кеңес етіп жүр. Соус құрамындағы өсімдік майы жүрек ауруын тоқтатуға бірден бір себепші екен. Бұл өнім қоршаған ортадағы жағымсыздықты жойып, зат алмасу процесін жеңілдетеді. Дегенмен, мүмкіндігіңіз болып жатса үй жағдайында қолдан майонез жасап пайдалануға тырысыңыз.

Сыра

Сыра – құрамында пайдалы қышқылдарды сақтау бойынша рекордшы. Лимон қышқылы бүйректегі тасты болдырмауға себепкер. Ал аскорбинді және фоливті қышқылдар иммунитетті күшейтеді. Сол себепті бірқатар дәрігерлер осы бір сусыннан бір бокалын аптасына бір рет ішіп тұруға кеңес береді. Бастысы – мөлшерін қатаң қадағалау.

Паста

Макаронды өнімдерде анау-мынау аурудың бетін қайтарып тастауға қауқарлы пайдалы заттар жиынтығы бар. Олардың арасында крахмал, В витаминдер тобы және клеткалардың қартаюын баяулататын антиоксиданттар баршылық.

Қант

Ғалымдардың соңғы зерттеулері бойынша адамның қантты тұтынбай ұзақ өмір сүруі неғайбыл және бұл өнімнің жетіспеушілігі ми жұмысында көптеген проблемалар тудыруы ықтимал. Сондай-ақ, қант бауыр жұмысының алға басуына көмегін тигізеді.

Құрғақ алкоголь

Коньяк секілді құрғақ алкоголь өнімдері бас ауруын басып, холестерин деңгейін де төмен түсіре алады. Сондай-ақ, мұндай алкогольді сусындар суық тиіп аурудың да алдын алатын қасиетке ие.

Оқи отырыңыз:

Мамандар қазақстандық аналарды жалқау деп айыптады

Лимонның бір бөлігін кереуетіңіздің жанына қойып қойсаңыз не болады

Нанның көгерген тұсын алып тастап жеу керек пе, әлде тастау керек пе?

Күн сәулесінің де денсаулыққа қауіпті екенін білесіз бе?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар