Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біз аштықтан өлеміз: Ақтау тұрғындары электр энергиясының қымбаттағанына наразы

Ақтауда электр энергиясы тарифі қымбаттауына халық наразы болып отыр. Бұл туралы ИнАктау хабарлады.

“МАЭК Казатомпром” ЖШС тариф қымбаттауының себебін түсіндірді.

10 жылдан бері медицина саласында қызмет етіп келе жатқан Алуа Умбетова (аты өзгертілді) есімді қала тұрғынының жалақысы 30 мың теңге көлемінде. Тарифтің көтерілуінен өзім де, балалырым да аштан өлетін шығармыз дейді ол.

“Күйеуім бірнеше жыл бұрын қайтыс болды. Балаларымды жалғыз асырап келе жатырмын. Үйіміз салқын, жылу батареясы  дұрыс жылытпайды. Сондықтан қосымша жылытқыш қосуыма тура келеді. Кешенің арғы күні желтоқсан айындағы электр жылуына төлеуіміз керек соманы көріп, жыладым. 18 мың теңге қарыз екенбіз. Тағы да газға, суға және басқа коммуналды қызметке төлеуім керек. Тамаққа кем дегенде 3000 теңгеден артық ақша қалдыру керек. Бұл ақшаға қалай күн көреміз? Түсінемін, егер мен жалқауланып, жұмыс істемей жатып алсам екен, бірақ мен күні-түні жұмысқа шығамын, балаларымды немен тамақтандыратынымды білмеймін. Коммуналды қызметтің бағасы қайдан шығады? Бізде немене, алтын электр тоғы ма? Қазір тариф қымбаттаса,тіпті коммуналды қызметке де төлей алмай қаламын. “МАЭК Казатомпром” мен сияқты жалғыз басты аналарды ойламайды. Бірақ біз осы қалада тұрамыз. Мұндай бағалар біздің балаларымызды аштан қалдырып, жұмыс істейтін ата-аналарды қайыршы етеді”, – дейді Алуа.

“МАЭК-Казатомпром” ЖШС баспасөз-хатшысы Қолғанат Нұржабайұлы 1 қаңтардан бастап электр энергиясының қымбаттау себебі “АЭЖБ” мекемесінің тасымалдау шығындары 7 тиынға өсуінен дейді.

“Егер бұрын 1 кВт 19,33 теңге (ҚҚС есептегенде) болса, қазір – 19,42 теңге. Ақтау тұрғындарына қарағанда “Шыңғыс-3” мен Өмірзақ ауылы тұрғындарына электрэнергиясы қымбаттау болады. Бұрын оларда 22,42 теңге болса қазір – 22,49 теңге болды. Себебі ол аймақтарда екі тасымалдаушы қызмет етеді. Олар: “АЭЖБ” МКМ мен МЭТЖК. Тұрғындардың барлығына жаңа тариф туралы ескерту жасалды”, -дейді баспасөз хатшысы.

Ескерте кетейік, 1 қаңтардан бастап Ақтауда “МАЭК-Казатомпром” ЖШС электр энергиясы тарифін қымбаттатқан еді.

2016 жылдың қаңтарында электр энергиясы бағасы 1 кВт/сағ 5,69-дан 6,69 теңеге көтерілді. 1 тамызда 34 пайызға (12,78 теңге) қымбаттады. Сонда, 2016 жылдың басынан бері қалада электр энергиясы тарифі 300 пайызға өскен.

Тағы оқыңыз:

Алматыдағы қаңғыбастар үйінде тұрған физик жұмысқа орналасты

Серік Ибрагимовтің экс-продюсері кандидаттық диссертация қорғамақ

Жалаң аяқ лезгинка билеген Жанар Айжанова желіні “жарды” (видео)

Мақсат Мұхитденов қызын сынағандарға тағы да жауап берді

STAN.KZ
Сәрсенбі, 10 Қаңтар, 2018 11:39
Талқылау