Биылғы ораза күні мен пітір садақа мөлшері анықталды
Бүгін Алматыда бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төралқа мәжілісінде Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшері мен оразаның басталатын күні белгіленді.
Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.
Мәжіліс мүшелерінің, яғни, ғұлама-ғалымдар мен өкіл имамдардың бірауыздан дауыс беруімен 2016 жылы берілетін пітір садақа мөлшері 200 теңге болып бекітілді.
Пітір садақасы Рамазан айының бірінші күнінен бастап, ораза айт мерекесіне дейін беріледі.
Мәжіліс жұмысына ғұлама-ғалымдар, Діни басқарманың облыстардағы өкіл имамдары қатысты. Басқосуда Рамазан айына дайындық жұмыстары пысықталды.
Биыл хижри күнтізбесі бойынша, ораза 29 күнге созылады. Ал Рамазан айы 2016 жылдың 6 маусымында басталады.
Талқылау

"Күйеуім бала көтертпеу үшін вазэктомия жасатты": Екі баласымен корей азаматына күйеуге шыққан әйелдің өмірі қалай өзгерді
Кәріс азаматы әйелін жоспардан тыс жүктіліктен қорғау үшін ота жасатқан

Желіде қазақстандықтарды біздің өңірде күшті жер сілкінісі болады деп қорқытып жатыр: Болжам қандай?
Зерттеу орталығы бұлт арқылы болжайтын Telegram-арналарына сене беруге болмайтынын алға тартты