Биылғы қыс мезгілінде ауа райы қандай болады

Синоптиктер алдағы қыс айларында ауа райының қандай болатынын айтты.

Бұл туралы Гидрометеорологиялық орталықтың басшысы Марина Шмидт пен ұзақмерзімді ауа райы болжамы басқармасының басшысы Гүлмира Акишева баспасөз мәслихатында айтты.

«Алдын ала болжамға сәйкес, қараша айында ауа райы тұрақсыз болады. Күн аязды болып, кейін жауын-шашынды болады. Жел соғып, жол көктайғақ болады. Түнде және таңғы уақытта тұманды болады. Айдың бірінші, екінші, үшінші онкүндігінің ортасында аязды болады. Қазақстанның солтүстік жартысында түнде 10-20 градусқа дейін аяз, оңтүстік жартысында түнде 5-10 градусқа дейін, күндіз 0,5 градусқа дейін аяз болады», – дейді Гүлмира Акишева.

Марина Шмидттің айтуынша, биыл қыс суық болады. Жауын-шашын нормаға сай болады.

Желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1 градусқа  төмен болады. Батыс пен шығыста нормаға сай болады деп болжануда. Еліміздің солтүстік-шығысында, оңтүстік-батыста, оңтүстіктегі кейбір жерлерде, сондай-ақ елдің оңтүстік-шығыс және шығысындағы таулы және тау бөктері аймақтарында орташа жауын-шашын жауады.

2019 жылдың қаңтар айында сібір антициклонының әсерінен ауа температурасы орташа нормадан төмен болады, әрі қар аз жауады. Батыста, оңтүтік  пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар нормаға сай жауады.

Ақпан айында орташа ауа температурасы орташа нормадан төмен болады. Қар нормаға сай жауады.

Ал, наурыз айында жауын-шашынның қалыптан көп болатынын ескертті. Тек оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қалыпқа сай болады.

2018 жылдың қарашасы мен 2019 жылдың наурыз айына дейінгі ауа райы болжамы жергілікті атқарушы органдарға жіберілді. Төтенше жағдай департаменті қызметкерлері қыс мезгіліне тиісінше дайындалуы керек.

Синоптиктер маусымдық болжамның 55-60% ықтималдылығымен консультациялық сипатқа ие екенін атап өтті. Кейінірек қысқа мерзімдердік болжамдарға жаңартылып отырады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар