Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«RinGo» тобы мерейтойындағы әндерді 100% жанды дауыспен орындайды

«RinGo» тобының жетекшісі Алуа Қонарова жігіттерден құралған топтың он жылдық мерейтойға дайындығы туралы айтып берді.

1

Бұл туралы Stan.kz  хабарлайды.

«Концертті Алматы қаласының туған күніне орай өткізуді жоспарлап отырмыз. Күнді әлі таңдамағандықтан, нақты уақытын айта алмаймыз. Дәл қазір ең үздік хареографтар мен жігіттерді сахнада сүйемелдейтін, өз ісін білетін музыкашыларды таңдап жатырмыз. Бізге мұны реттеуге әйгілі музыкашы Ринат Гайсин көмектеседі. Алдымен, өлеңдер таңдалып, артынша жаңа әндер де жазамыз», – деп продюсер топтың алдағы мерейтойға дайындығы қалай жүріп жатқандығымен бөлісті. Бұдан өзге осы жылдың сәуір айында аталған топтың жаңа бейнебаяны шығатынын айтты. Бірақ Алуа ханым әзірге бейнебаянның қай әнге түсірілетінін жасырып қалуды жөн көрді.

«Топтың концертіндегі әндер 100% жанды дауыспен орындалады», – деп тыңдармандарға уәде берді.

3

«RinGo» тобы 2006 жылы құрылған. Бастапқыда топта Батыр, Алмас, Алдан, Данияр есімді 4 жігіт болады. Топты Алматы қаласымен байланыстыру үшін осылай атаған екен. «RinGo» сөзі жапон тілінен аударғанда «алма» деген мағынаны білдіреді.

2006 жылы «Сен ғана» атты алғашқы бейнебаяндары көпшілікке жол тартады. Ән Қазақстанда кеңінен танылып, чарттардан бірінші орынды иеленеді. Ең бірінші Қытай, Қырғыз елдеріне гастрөлдік сапарға аттанады. Артынша композитор Эдуард Бергалиевтің «По берегу» әніне бейнебаян түсіреді. Көп ұзамай осы ән топтың төлқұжатына айналады.

2

2007 жылы «Новая волна» байқауына қатысып, «Quit playing games» («BSB» тобының репертуарынан), «Джулия» («А-студио» тобының репертуарынан), «По берегу» атты әндерді орындап, нәтижесінде төртінші орынды иеленеді. Топтың құрамы өзгеріп, Алдан Тұсмағамбетовтың орнына Аян Бірбаев, ал Алмастың орнына Әділжан Омаров келеді. Бүгінгі таңда «RinGo» тобының қоржынында тыңдармандар сүйіп тыңдайтын көптеген ән бар.

Осыған дейін Алла Пугачеваның “Ринго” тобына батасын бергені туралы да жазған болатынбыз.

Талқылау