Биыл Астанада бас шырша Тәуелсіздік күнінен кейін жағылатын болды
Биыл Астанада Жаңа жыл мерекесіне арналған бас шырша Тәуелсіздік күнінен кейін, 18 желтоқсан күні жағылатын болды.

«Биыл бас шырша «Хан шатыр» ойын-сауық орталығының жанында орналасады. Шырша 18 желтоқсан күні жанады», деп хабарлады Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Жыл сайын қаладағы бас шырша 1 желтоқсан күні елбасы қатысуымен жанатын. Биыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, қала алдымен тәуелсіздік мерекесіне дайындалу үстінде. Астанада Жаңа жыл мерекесіне орай барлығы 17 шырша мен төрт мұз қалашығы орнатылады. Бір ғана Есіл ауданы мен Үркер, Қаламаңы тұрғын алқаптарында 10 жаңажылдық шырша орнату жоспарланған.
Биылғы жаңажылдық безендірудің басты нышаны – Тауықтан бөлек ЭКСПО көрмесі де болады.
Тағы оқыңыз: 16 желтоқсан тәуелсіздік күні туралы мәлімет
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды