Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаевтың соты: Салтанат Нүкенованың ағасы марқұмның соққыға жығылған кезіндегі суретін көрсетті

Астанада өтіп жатқан сот отырысында Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді марқұмның соққыға жығылған кезіндегі суретін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Суд Айтбек Амангелди

Ағасының сөзінше, суретті 2023 жылдың наурызында Салтанат Нүкенованың өзі жіберген. Бұл жағдайдан соң Айтбек Амангелді қарындасын алып кетпек болған екен. Алайда марқұм бұған келіспеген.

Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенова арасындағы жанжал туралы айтты.

Оқиғаның бірі 2023 жылғы 20 наурызда болған. Түнде Айтбек Амангелді жұмысқа қатысты іс-шаралардан үйіне келіп, Салтанаттан көптеген қабылданбаған қоңырау мен хабарлама түскенін көрген. Қыз ағасына өзінің соққыға жығылған, беті көгерген суреттерін жіберген. 

"Мен оған бірден қоңырау шалдым. Салтанат телефонды көтермеді. Мен уайымдап, Қуандыққа қоңырау соғып, не болғанын сұрадым. Ол маған: "үйге кел, сөйлесейік, бәрін талқылайық", - деп жауап берді. “Жақсы” дедім де, сыртқа шықтым. Үйге жетіп, кіреберістің алдында күттім, Қуандық келмеді. Есікті қағып ем оның бірінші некеден туған қызы ашты. Ол мені танитын еді, сол себепті есікті ашты. Екеуміз оларды үй ішінен іздей бастадық. Бірақ үйде екеумізден басқа ешкім болған жоқ", - дейді Айтбек Амангелді.

Оның айтуынша, сағат 2.00 шамасында Қуандық Бишімбаев пәтерге келіп, қызы өз бөлмесіне кеткен. Айтбек одан Салтанаттың қайда екенін сұрайды, Қуандық “білмеймін” деп жауап береді.

"Ол “қатысың болмасын, бұл – біздің отбасы” деп ашуланды. Мен “тұрмысқа шықса да, шықпаса да ол менің әпкем екенін, сол себепті маған да қатысы бар екенін айттым. Ол мені пәтерден күштеп шығарып жіберуге тырысты, содан кейін екеуіміз төбелестік. Мен оған Салтанаттың қайда екенін айтпаса суреттерді анасына жіберетінін айттым”, – деп қосты Айтбек Амангелді. 

Геолокация бойынша Салтанаттың телефоны осы ғимаратта екені белгілі болды. Айтбек Бишімбаевтың анасынан оның үшінші қабаттағы пәтерде екенін білген. Алайда ол пәтерге кіре алмайды.
"Менің түрлі оқиғаны ойлап кеттім. Ол өзін жаман сезініп тұр, туған адамы опасыздық жасады, ол осы жарақаттардан қайтыс болуы мүмкін деп ойлап қорқып кеттім. Мен полицияға қарыдасымды күйеуі ұрғанын айттым. Олар келіп, есікті сындырғанын қаладым", - деді Айтбек Амангелді.

Ол тұтқаны сындырып тастағаннан кейін Салтанат есікті ашады, бірақ ағасымен кетуге келіспейді.

"Мен оған: "заттарды жина, біз кетеміз, мұның бәрі саған қажет емес" дедім. Ол өзінің ересек адам екенін, оны жақсы көретінін, некені сақтап қалатынын айтты. Мен оған: "бұдан сәл қаттырақ ұрса болды ғой, сені өлтіреді" дедім", - деп қорытындылады Айтбек Амангелді.



Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.

Сондай-ақ экс-министр Қуандық Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі ("Азаптау"), Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы ("Аса қатыгездікпен адам өлтіру") бойынша жаңа айыптар тағылған еді. Ал оның туысы Бақытжан Байжанов - қылмысты жасырғаны және хабарламағаны үшін айыпталған.

Талқылау