Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Бишімбаевтің ісі бойынша айыпталған Арман Комаров бостандыққа шықты

Бишімбаев ісі бойынша айыпталып, 1 жылдан астам уақыт қамауда болған Арман Комаров бостандыққа шықты. Ол “ProjectCityGroup” ЖШС-де жұмыс істеп жүргенде ірі көлемде пара берді деп айыпталған болатын.

Бұл туралы “Астана” арнасы хабарлайды.

Бүгінгі сот отырысында Комаровтың адвокаты Дмитрий Куряченко Бишімбаевқа жаңа айыптау актісі тағылуына орай, оның қорғауындағы азаматтың жазасын жеңілдетіп, бостандыққа жіберуін өтінген. Себебі тергеу аяқталғандықтан, ол тергеу ісіне кедергі келтіре алмайды деді ол.

“Айыпталушы Комаровтың адвокатының өтінішін негізге ала отырып, айыпталушы қамаудан босталысын. Оның жазасы қолхат арқылы ешқайда кетпеу турасында өзгертілсін”, – деп үкім шығарды Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасы Әділхан Шайхисламов.

Оқи отырыңыз:

Қақаған аяз салдарынан Алматы облысындағы бірнеше елді-мекен сусыз қалды

Ауғанстанда қаза тапқан қазақстандықтың денесін мемлекет елге әкелетін болды

Сайрамда молда мешітте өзін өлтірмек болған ер адамды құтқарып қалды

Елімізде алты күнге созылған аяз салдарынан 350-ден аса қазақстандық үсіп қалған

STAN.KZ
Жексенбі, 28 Қаңтар, 2018 09:28
Талқылау