Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл сандыраққа сенбеңіздер!": Кәсіпкер Райымбек Баталов Бишімбаевтың сөздеріне қатысты мәлімдеме жасады

Танымал қазақстандық кәсіпкер Райымбек Баталов Бишімбаев сотына қатысты пікір білдіріп, Instagram-дағы парақшасында мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: кадрдан скриншот

Баталов соңына дейін Бишімбаевқа қатысты сот ісіне пікір білдіргісі келмегенін, бірақ атына кір келтіретін, ойға қонымсыз әңгімелер айтылып жатқандықтан, үнсіз қала алмағанын айтты.

“Атыма кір келтіретін лас әңгіме мені мәлімдеме жасауға мәжбүрледі. Сұмдық қылмыс жасады деп айыпталып отырған күдіктінің маған қатысты айтқан айыптауы – ойға қонымсыз жалған әңгіме. Мұндай жалған ақпаратқа сенбеңіздер. БАҚ өкілдері мен блогерлерді сенімсіз ақпаратты таратпауға шақырамын”, – деді кәсіпкер. 

 

Сонымен қатар ол Салтанаттың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. 

“Осындай қайғыға душар болғанына қарамастан қызының ар-намысын қорғауға мәжбүр болып отырғаны өкінішті. Өте сұмдық жағдай. Нүкеновтер отбасына шын жүректен көңіл айтамын”, – деп түйіндеді сөзін Райымбек Баталов. 

Айта кетейік, бұған дейін әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев телефонының құпиясөзін айтты. Оның телефонында марқұм Салтанат Нүкенованы айыпталушы мәжбүрлеп, сұрақтың астына алған видеолар көрсетілді.

Судьяның айтуынша, видеода Нүкенова күртеше киген, ал ішінде ештеңе жоқ. Бишімбаев әйелін балағаттап, қайта-қайта "Райымбек Баталовпен төсектес болдың ба?" деп сұрақтың астына алды. Соңғы видеода сұрақтан мезі болған Нүкенова "Иә" дейді. 

Талқылау