Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бірнеше жыл бойы маньяктардың құлдығында болған қыздардың тағдыры (фото)

Бұл балалардың балалығы мұңды. Олар бірнеше жыл бойы педофилдердің құлдығында болды. Балаларға бөгде адамдар ғана емес, таныс отбасы мүшелері де, жақын адамдары да тиісетін кездер көп кездеседі.

0144

Фото: cosmo.ru

Жапон қызы Фусако Саноны 9 жас 2 айында 28 жастағы Нобуйуки Сато ұрлап кеткен. Ол Фукасоны екінші қабатта ұстаған. Оның үйі полиция бөлімшесінен небәрі 200 метр ғана қашықтықта орналасқан екен.

Фусако бірнеше айдан соң оған бағынышты болып қалады. Маньяк қызды пышақпен қорқытып, оның шашын қырып алып тастаған. Ол есігін де бекітпейтін болған. Құлдықтағы қыз бастапқыда қатты қорыққанынан ешқайда қаша алмай қалады, кейіннен қашуға дәрмені де жетпейді.

9 жылдан кейін қанішердің анасы ұлының қызуқанды мінезін байқап полицияға арыз береді. Полицелер Фусаконы тауып алып, Сатоны 14 жылға қамады. Бойжеткеннің ақыл-есі сол күйі дамымай қалды.

photo_216413

Аманда Берри, Джина Дехесус және Мишель Найт

Мишель 2002 жылы Ариэлем Кастроның ұрлап кеткен алғашқы құрбаны. Бойжеткен ол кезде 21 жаста болған. Кастро 8 айдан соң  Аманда Берриді, бір жылдан соң 14 жастағы Джина Дехесусты ұрлап әкеткен.

Ариэль Кастро Мишельді алдап үйіне апарған. Ол қызға үш күн тамақ бермей, ұрып соғып зорлаған. Бойжеткен 5 рет жүкті болып, ұрып соққаннан түсік тастаған.

0324

Кейіннен қатарына Аманда Берри қосылып ол да жүкті болғанда, Мишель оның босануына көмектеседі.

2013 жылы Кастро есіктің бірін жабуы ұмытып кеткенде Берри көршісіне айқайлап үлгереді. Берри мен 6 жастағы қызы жыртық есіктен қашып шығып кетеді. Ол сол бойда 911 нөміріне хабарласып, өзінің 10 жыл бұрын жоғалғанын айтады.

Сол күні Кастроны ұстап мың жылға түрмеге қамады. Алайда бір айдан соң оны камерадан асылып қалған күйінде тауып алды.

0424

Джейси Дугардты 12 жасында сабақтан үйіне қайтып келе жатқанда ұстап алып кеткен. Филип Гарридо есімді қылмыскер қызды элекстротоқпен есеңгіртіп тастайды. Оған әйелі Нэнси көмектескен. Ол қызды күйеуіне «сыйлық» ретінде беруді ойлапты.

Ерлі зайыптылар оны үйіне апарып, барлық киімін шешіп тастап, кісендеп тастайды. Осылайша бір апта сүтті коктейль береді. Бірнеше күннен соң Джейсиді душқа апарып зорлайды.

051

Кейіннен ерлі зайыптының екеуі де түрмеге жабылды.

13 жасында Джейси алғаш рет жүкті болды. Үш жылдан соң екінші баласын босанды. Нэнси балаларға анасы ретінде өзін айтуды үйреткен.

18 жылдан соң Джейсиді тапқанда ол полицияға болған жайтты айтудан бас тартты. Таңғаларлығы, Джейси де, екі қызы да сауатты әрі көңілді болып өскен. Ерлі зайыптылар сотталған уақытта Джейси сотқа келуден бас тартты.

Электрик болып істейтін Йозеф Фритцль өзінің туған қызын 24 жыл бойы құлдықта ұстап келген. Әкесі қызын 11 жасынан бастап зорлаған. Қызы 18 жасқа толғанда полицияға барып қызының жоғалып кеткенін айтады. Кейіннен қызы бөлек тұрғысы келеді деп жалған айтады.

0621

Осы уақыт ішінде Элизабет өз әкесінен 7 бала туады. Олардың үшеуі ешқашан жертөледен шықпаған. Қызы Кёрстин 19 жыл, баласы Штефан 18 жыл, Феликс 5 жыл жертөледе болды. Әкесі адамдарға қызының немерелерін тастап кетіп жүргенін айтып сендірген.

0720

2008 жылы қызы Элизабет қатты ауырып медициналық көмекке жүгінеді. Оның бүйрегі ауырғаны анықталады. Дәрігерлер анасының рұқсаты қажет екенін айтқанда әкесі өзі хат жазып, анасының секта мүшесі екенін, қызының тағдыры алаңдатпайтынын айтады. Бұл хат күдік туғызып, ақырында әкесі ұсталды. Элизабет 24 жыл бойы өмірінің қалай өткенін полицелерге айтып берді. Әкесі Йозеф Фритцль өмір бойына бас бостандығынан айырылып, науқастар мекемесіне қамалды.

Тағы да оқыңыз:

Әлемдегі ең жас ана: 5 жасында сәбиін өмірге әкелген қыздың тағдыры (фото)

Америкалық қыз 15 жыл өткен соң өзін зорлаған педофилден кек алды

Туа сала жүріп кеткен сәби көпшілікті таңғалдыруда (видео)

Талқылау