"Бірнеше әйел шашымнан сүйреп, ішімнен ұрды": Полиция бөліміне шақырылған Сәуле Әбединова ауыр жарақатпен ауруханаға түсті
Ел арасында "Ақжүніс" атымен танылған Сәуле Әбединова ауыр соққымен ауруханаға түсті. Көпбалалы аналар мәселесін көтеріп жүрген белсендіні бірнеше әйел жабылып ұрып тастады.

Оған қарсы бірнеше адам полицияға арыз жазған. Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Арыздар әр аудандық полиция департаменттеріне түскендіктен бір күнде бірнеше полиция бөлімшесінен шақырту келген. Көпбалалы аналар мәселесін көтеріп жүрген тележүргізушіге полицейлер келіп, Наурызбай аудандық полиция бөлімшесіне апарған. Сол жерден шыққан бетте белсендіні белгісіз әйелдер ұрып тастапты.
"Шашымнан тартып, ішімнен ұрып жатты. Небір балағат сөз айтты. Еңкейіп отырып қалдым", - дейді Сәуле Әбединова.
Дәрігерлер оған "миы шайқалған" деген диагноз қойды.
Әзірге Алматы полициясы да, ІІМ-де пікір берген жоқ.
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген