Бірінші арна Алсудың қызы жеңіске жеткен байқау қорытындысының күшін жойды
Бірінші арна Алсудың қызы Микелла Абрамованың жеңісін жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Москва24" арнасына сілтеме жасап.

Бірінші арна "Голос. Дети" байқауының алтыншы маусымының қорытындысын жойғандығы туралы баяндама жасады.
Осылайша арна белгілі әнші Алсудың қызы Микелла Абрамованың жеңісін жоққа шығарды.
Шоудың барлық финалисінің қатысуымен өтетін арнайы шығарылым 24 мамырда көрсетілетін болады.
Естеріңізге сала кетсек, аталған байқауда қазақстандық Ержан Максим екінші орынды иеленді. Көптеген қазақстандық және ресейлік жұлдыздар оның бірінші орынға лайық екенін жарыса айтты. Олардың қатарында Максим Галкин, Вера Брежнева, Димаш Құдайберген, Жанар Дұғалова және т.б. сынды танымал жұлдыздар бар. Ал Ержан Максим өз кезегінде екінші орын алғаны үшін еш мұңаймайтынын жеткізді. Кейін Ержан Максим мен Микелла Абрамова бірігіп дуэт жазып жатқаны белгілі болды.
Алматы облысында кәсіпкер қараусыз қалған ғимаратты қалпына келтірген, алайда әкімдік оны тартып алған
Кәсіпкер: "Ақша, денсаулық пен 5 жыл уақытымды сарп еттім"
"Оқушылар аттестатпен қатар, кәсіп алып шығады": Қазақстандық жігіт Таиландтағы мемлекеттік мектепте ағылшын тілінен сабақ береді
Рахат: "Таиланда дүниеге келіп, Қазақстанда болып көрмеген қыздарым менімен қазақша сөйлеседі"