Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біреуі 1 500 теңге: Алматылық әйел баласының басына бит өсіріп сатуда

Бит сатамын. Қымбат емес, 1000 теңге. Қазір әлеуметтік желіні ақтарып отырсаңыз, дәл осындай хабарландыруларды көзіңіз шалады. Қапелімде, әшейін еріккендердің ермегі деп ойларсыз, алайда мән берсеңіз үлкен проблема.

Біреуі 1 500 теңге: Алматылық әйел баласының басына бит өсіріп сатуда

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қазіргі уақытта әдейі таза ұстамау арқылы баланың басын бизнеске айналдырып отырғандар бар. Белгілі болғандай, 40 жастағы әйел сіңлісі екеуі бұл бизнеспен айналысып жүргеніне екі жыл болыпты. Олар паразитті баланың басына әдейі өсіріп отыр. Биттің біреуін мың жарым теңгеден сатады екен.
Айтуларынша бұл іске жеке басының табысы үшін емес,түрлі аруға шалдыққан науқастарға көмектесу мақсатында бет бұрған-мыс.

«Бизнес жасаған емес. Ол басында ауырып, ауруханада жатты. Сосын оларға ішкізді. Олар жазылып кетті. Сөйтіп, сөйтіп кетті», – дейді бит сатушылардың бірі.

Қазір, бұл мафияның тіпті тұрақты клиенттері де қалыптасқан көрінеді.

«Бізде бір науқас бар. Апта сайын тапсырыс береді.Оны сары ауруға алады», – дейді ол.

Алайда, медицина саласының маманы Бақыт Түменова бұл барып тұрған алаяқтық дейді. Себебі аталған паразиттердің пайдасын растайтын медицинада ешқандай факт жоқ. Керісінше бит түрлі ауруларды таситын жәндіктер қатарынан.

«Көбіне жиі кездесетін ол пиодермия, денеде сыздауық пайда болады. Фимктермия деп аталады. Вульгарлы эктима. Осындай ауруларға алып келеді. Оны емдемеген жағдайда ол инфекция жұқпалы болып келеді. Сол үшін ол мектепте, жатақханада, казармаларда, түрмелерде көп болады», –  дейді дерматолог Рауа Тұрсынбаева.

Бірақ, соған қарамастан халық оның емдік қасиеттеріне сенетін көрінеді.

«Бір күні кезекшілікте отырсам, терезе алдында еркек адамның даусын естідім. «Балам, қарама оның не екенін. Тез-тез же!» – деді. Сосын мен мейірбикеге: «Бар қарашы, анау нені жеп жатыр», – деп айттым. Мейірбике барса, қолында алма.Алманы кесіп, бит салған. Барып қарасам, сол жерде бит жатыр», – дейді «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова.

Мамандар бұған ең бірінші себеп – қаралық, яғни медициналық сауатсыздық десе, екіншісі ол жанның тәттілігі. Дертіне дәрігерден дауа таппаған көп адам шарасыздықтан халықтық ем-домға жүгінеді. Демек, кім біледі? Бәлкім расымен де емшілердің арасында битпен емдейтіндер бар шығар?

«Оған келіспеймін, мүмкін емес ол. Ол бит қандай адамдардан келген,  қандай адамның қанымен қоректенген. Айтып тұрмын ғой, бит деген – қан сорғыш жәндік. Ол – улы. Қан сорып біткен соң орнында өліп қалады. Битпен емделді деген адамды естімеппін», – дейді емші Құралай Тезекбаева.

Осы себепті мамандар көпті көзсіз пенде болмауға шақырады. Өйткені ауруыңызға ем іздеп жүріп, тағы бір ауруды іліп алуыңыз әбден мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау