Оң құлағымыз шыңылдаса, біреу мені мақтап жатыр дейміз. Сол құлағымыз шыңылдаса, мені жамандап жатыр дейміз. Осының негізі дінде бар ма?


Аталмыш риуаятты хадис ғұламаларының кейбірі әлсіз десе, кейбірі мүлдем «ойдан шығарылған хадис» дейді. Бірақ әл-Хафиз әл-Һәйсәми (р.а.) сынды алып хадисші аталмыш риуаятқа «хасан» деп, баға берген .
Осы риуаятта құлақ шыңылдаудың себебі – әлдебіреудің еске алуында жатыр дегенге ишара бар. Әйтсе де, оның нақты себебін өзгенің мақтауынан немесе жамандауынан іздемей, медициналық тұжырымдардан қарастырғанымыз дұрыс.
Қандай болғанда да, құлақ шыңылдаған кезде Пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат айтып жатсақ, онымыз артық болмас. Ең дұрысы – Аллаға мәлім.