Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бірдеңе жазуымды сұрады": Оралда полицейлер алаңға бос плакат ұстап шыққан жігітті ұстап әкеткен (видео)

Оралда Абай атындағы алаңға бос плакат ұстап шыққан тұрғын полиция қызметкерлерімен ұсталды. Ол осындай әрекеті арқылы Қазақстанда азаматтық құқық жоқ деген пікірін білдіргісі келген.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Уральская неделья» басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

24 жастағы Аслан Сағутдинов 6 мамырда қолына бос плакат ұстап, қалалық әкімдіктің алдындағы Абай атындағы алаңға шыққан. Оның сөзінше, ол бос плакатты ұстап, Қазақстанда сөз бостандығы мен демократия жоқ деген пікірін білдірмек болыпты. 

«Мен шеруге қатыспайтын қарапайым азамат екенімді көрсеткім келеді. Алайда мен бәрі бір полиция бөлімшесіне алып кетеді. Тіпті, плакатты ешқандай жазу болмаса да, мен түрлі ұрандарды айтып, айқайламасам да. Менің есімім – Аслан Сағутдинов. Мен арғы тарихынан  бері еркін қазақ елі бүгін де еркін болып қалғанын қалаймын», - дейді жас жігіт.

Аслан Сағутдиновтың алаңда бос плакатпен тұрған уақыты 5 минуттың шамасында ғана болды. Сол жерге полиция қызметкерлері мен қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басқарушысы Ербол Көшеков жетті. 

 

Арада бірнеше минут өткеннен кейін полиция қызметкерлері Асланды күштеп полиция көлігіне отырғызды. Олар жігіттің не үшін ұсталғаны туралы сұраққа «анықтаймыз» деп жауап берді. 

Артынша полицейлер Асланды босатты. Асланның сөзінше, тәртіп сақшылары жарты сағат шамасында плакатқа бірдеңе жазуын сұраған. 

«Полицейлер әкімшілік хаттама толтыру үшін, плакатқа бірдеңе жазуымды сұрады. Мен бас тарттым. Олар менен түсініктеме алып, үйге жіберді», - дейді белсенді.

Талқылау