Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бірде-бір жолдама иелене алмаған бұрымды балуандар соңғы лицензиялық турнирге қатысады

Күрес түрлерінен Түркияда өтетін соңғы әлемдік лицензиялық турнирге қатысатын әйелдер құрамасының құрамы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Қазақстан күрес федерациясы

Осы уақытқа дейін бірде-бір жолдама иелене алмаған әйелдер құрамасы соңғы әлемдік лицензиялық турнирге қатысады. Азия құрлығының лицензиялық турнирінде жолдама ала алмаған балуандардың ішінен 50 келідегі Лаура Ғаниқызына тағы да бас бапкер мүмкіндік берген. Қалған салмақта екінші нөмірлі балуандар бақтарын сынап көреді. Турнир Түркияның Ыстамбұл қаласында өтеді. 9-12 мамыр аралағында өтетін байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын балуандардың тізімін назарларыңызға ұсынамыз:

50 келі. Лаура Ғаниқызы

53 келі.Марина Седнева

57 келі. Лаура Алмағанбетова

62 келі. Ирина Кузнецова

68 келі. Елена Шалыгина

76 келі. Эльмира Сыздықова

Айта кетейік, бұған дейін Түркияда өтетін соңғы әлемдік лицензиялық турнирде "классиктердің" ішінен кімдер белдесетіні туралы жазған едік. 

 

Талқылау