Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір жарым жыл бойы дәрігердің қабылдауына кіре алмаған ер адам өзін-өзі емдеп жазды

Ұлыбритания тұрғыны бір жарым жыл бойы тіс дәрігерінің қабылдауына кіре алмаған. Салдарынан амалы таусылған ол өз тісін өзі жұлып алды.

Бір жарым жыл бойы дәрігердің қабылдауына тап бола алмаған ер адам өзін-өзі емдеп жазды

Бұл туралы Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

62 жастағы Дэвид Вудхаус  ұзақ уақыт бойы тіс дәрігерінің қабылдауына кіре алмай жүрген. Ол жанын жегідей жеген аурудан құтылу үшін, еріксіз өз тісін жұлып алды. Ол ауырған тісін жұлып тастау үшін кемпірауызды қолданған.

«Тісімді жұлып тастау қиындық тудырған жоқ. Емге мұқтаж болдым», – дейді ол.

Басылым мәліметінше, елдегі мемлекеттік емханаларға баратындардың көбі тісін емдету үшін жүгінеді екен. Кей адамдар сақтандыру бойынша тіс дәрігерінің қабылдауына тап болу үшін 3 жылдан аса уақыт күтуге мәжбүр болатын көрінеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау