Қымбат көлігімен мақтанған Ернар Айдар жұрттан сөз естіді
Белгілі әнші Ернар Айдар әлеуметтік желідегі парақшасында халыққа көлігін көрсетіп мақтанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ерекше нөмірі қымбат көліктің суретін жүктеп, халыққа сұрау салды. Әуелі қал-жағдай сұрасқан өнер иесі артынша өзі туралы жұрттың пікірін білгісі келген сыңайлы.
"Қалайсыздар? Мені танитындар болса, қол көтеріп қойыңыздар", - деп жазды әнші.
Ернар Айдардың бұл жазбасына наразы болған оқырмандары көлікті жарнамалап жатқанын бірден түсініп қойған көрінеді. Әнші көлігін көрсетемін деп жұртқа жақпай қалды.
"Машинаңды жарнамалап тұрсың ба? Бір күні әжетхананы жарнамалап жүрмеңдер. Халықтың арқасында жүргеннен кейін салихалы, салмақты болсаңдар болар еді" десті желідегілер.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"