Бір көзін кесіп тастады: Линзамен душқа түскен әйел көзінен айырылды

Белгиялық әйел линзасын шешпей душқа шомылғаны үшін көз жанарынан айырылды.

2015 жылы Петра ван Калмтаут контантілі линзасын шешпей душ қабылдайды. Ертесі күні көзі ауырып, таңға жуық ауруы күшейе түседі.

Дәрігерге қаралғанда маман көзге арналған тамшылар мен мазь жазып береді. Алайда көзі ауырғанын қоймайды. Дәрігерлер оған акантамебті кератит диагнозын қояды. Дәрігерлер науқастың оң жақ көзінен амебаны байқайды. Хирургтер екі рет бірторлы амебаны алып тастамақ болғанымен нәтиже шықпаған. Сондықтан қоның бір көзін алуға тура келеді.

Калмаут 3 жыл көзін жауып жүруге мәжбүр болды. Кейін көзіне протез жасап берді.

“Судың зиянынан көп уайымға салындым. Өмірім өзгеріп кетті. Енді протез жасалған соң қайта өзімді қолға алдым”, – дейді ол.

Әйел протез салысымен бір күн бойы дискотекаға барып билемек ниетте.

Бельгияда акантамебті кератит дертімен орта есеппен жылына 45 адам ауырады. Олардың басым бөлігі линзаны дұрыс пайдаланбағандықтан осындай зиян шегеді. Дәрігерлер линзаны суға шомылар алдында шешуге кеңес береді. Линзаны тек қана арнайы сұйықтықпен жуу керек екенін айтады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
10.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар