Бір қазан көлемінде кеспе жеген қытайлық желі жұлдызына айналды (фото)
Қытайлық өрт сөндірушінің фотолары жергілікті БАҚ-та жарияланған соң әлеуметтік желілердің жұлдызына айналды. Фотоларда оның тез әзірленетін бір шара кеспені жегені түсірілген.

Сурет: life.ru
Ер адам жұмыстағы қысым салдарынан көп тамақтануға мәжбүр екенін түсіндірді.
CCTV News телеарнасы хабарлағандай, өрт сөндіруші Бу Венминь әріптестерімен бірге екі тәулік бойы демалыссыз және үздіксіз жұмыс істеген. Құтқарушылар түнгі сағат екіде базаға келгенде, жергілікті өрт сөндіру қызметінің бас аспазы оларға шарада тез әзірленетін кеспе дайындаған.

Бу ас үйге жолдастарынан кештеу келді. Өзіне тиесілі тағамды жеген ол шарада көп кеспе қалғанын байқады. Қытайлық шараны өзіне тартып, ондағы тағамның барлығын жалғыз өзі тауысқан.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін