Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір күнде әлемге танылған ирандық қыз: Анджелина Джолиге ұқсағым келмеген

17 жастағы ирандық Сахар Табардың суреті бір күнде бүкіл әлемге таралып кетті. Қыз “актриса Анджелина Джолиге ұқсау үшін 50 пластикалық операция жасатты” деп шулады газеттер. Дегенмен желі қолданушылары Сахарды “Голливуд жұлдызына емес, “Қалыңдық мәйіті” мультфильміндегі кейіпкерге ұқсатты. Ирандық қыз шын мәнінде қанша рет пышаққа түсті? Шынымен де Джолиге ұқсағысы келді ме?

Бұл туралы РИА Новости басылымына сілтеп Sputnik Қазақстан хабарлайды.

— Қолданушылардың пікірінше, сіздің профиліңіздегі фотосуреттер “қалыңдық мәйітін” еске түсіреді екен. Операциядан кейін шынымен де бет-әлпетіңіз осылай өзгерді ме?

— Әрине, жоқ. Бұл фотошоп және макияж. Суретімді жүктеген сайын мен бет-әлпетімді жұртқа қызықтырақ етіп көрсетемін. Бұл өз ойымды білдірудің бір әдісі, өнер десе де болады. Маған қызыға қарайтын адамдар түрім ондай емес екенін біледі.

Сурет: РИА НОВОСТИ

— Барлық БАҚ Анджелина Джолиге ұқсағыңыз келгенін жазды. Солай ма? 

— Шындығында олай емес. Тіпті Джолиге ұқсауды ойлаған емеспін. Сондай-ақ “Қалыңдық мәйіті” мультфильміндегі кейіпкерге де ұқсағым келмеген. Қазір олармен байланыстыратын ортақ нәрсе бар екенін түсінемін, алайда мен өз алдыма музамын және біреуге ұқсау — қара бастың қамы емес.

— Қандай пластикалық ота жасаттыңыз?

— Мұрныма ота жасалған, еріндерімді ісірдім, липосакция жасаттым. Операциялардан қорқынышты ешнәрсе көріп отырған жоқпын: Мұнда, Тегеранда бір операция 10 миллион  Иран риалы (шамамен 93 мың теңге —ред.ескертпесі) тұрады.

— 49 килограмм болу үшін қатты арықтап кетті деп жатыр?  

— Салмақ тастағаным рас. Бірақ 40 немесе 30 емес, бес алты-алты килограмм ғана. Қазір салмағым 54 килограмм тартады.

— Бұған отбасыңыз қалай қарады? Иран — әдет-ғұрыпты қатаң ұстайтын мұсылман елі ғой.  

— Бастапқыда олар қарсы болды. Олар үшін пластикалық ота қалыпты нәрсе емес. Алайда қазір, бәрі сәтті өткеннен кейін ата-анам мені қолдап отыр. Ең бастысы осы.

Оқи отырыңыз:

АҚШ-та ит өз иесін атып тастады

АҚШ-та 6 жасар баланы “бум” деген сөзі үшін террорист деп айыптаған

Гарри ханзадаға қазақстандық шоколадтан дәм татқызды

Ер адам жерге құлап қалған баланы аяусыз теуіп жіберген видео көпшілікті ашуландырды (видео)

Талқылау