Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біреуі 9 мың теңге: Әйел кір шұлықтарын сатып байып кетті

Ұлыбританиялық модель табанын көрсетіп суретке түсіп, сол арқылы желіде танымал болып кетті. Артынша ол табысқа кенелудің ерекше жолын ойлап тапқан.

Бір күн киілген шұлық 9 мың теңге: Әйел кір шұлықтарын сатып байып кетті

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

33 жастағы Рокси Сайкстың әріптесі оның табанын көріп, мақтағаннан кейін, әйел бүкіл әлемге табанын көрсеткісі келіп, Instagram-да арнайы парақша ашқан. Ол желіде танымалдыққа ие болғаннан кейін (қазіргі уақытта парақшасына 50 мыңға жуық қолданушы жазылған), өзінің киілген аяқ киімдері мен кір шұлықтарын сатып, табыс табуды ойға алады.

Бір күн киілген шұлық 9 мың теңге: Әйел кір шұлықтарын сатып байып кетті

Сайкстың бір күн киген шұлығының құны – 20 фунт (9 мың теңгеден аса). Ал екі ай бойы киген аяқ киімі 200 фунт (95 мың теңгеден аса) тұрады.

Бір күн киілген шұлық 9 мың теңге: Әйел кір шұлықтарын сатып байып кетті

4 жыл бойы осылайша ақша тауып жүрген әйел бүгінде айына 8 мың фунт (3,8 миллион теңгеден аса) табыс табады.

«Ендігі мен тоқтай аламын деп ойламаймын. Тіпті, қартайған кезде де табаным арқылы табыс табатын боламын», – дейді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау