Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір бөлімде жұмыс істейтін 7 мейірбике бір уақытта жүкті болып босанды (фото)

Акушерлік бөлімде жұмыс істейтін 8 әйелдің жетеуі бір уақытта жүкті болып, бір уақытта бала тапты. Әйелдер былтырғы жылы жүкті кездерінде сурет жариялап, жұртты бір сүйсінткен еді. Биыл ана атанған ақ халаттылар жаңа туған бөбектерін көрсетті.

Бір бөлімде жұмыс істейтін 7 мейірбике бір уақытта жүкті болып, бір уақытта босанды

Бұл туралы Stan.kz Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сьюзен, Британи, Эшли, Сара, Ребекка, Гвен және Мишель есімді мейірбикелер декреттік демалыста жүрген кездерінде қайта жиналып, өздерінің жаңа туған балаларымен суретке түсті.

Бөлімнің сегізінші қызметкері, акушер-технолог Ставания екі суретте де жоқ.

Мейірбикелер туылу ретіне қарай балалардың үстіне нөмір жазылған киім кигізіп қойған. Сондай-ақ, кеудешенің түсі баланың жынысына байланысты таңдалған: төрт қыз, үш ұл.

Бір бөлімде жұмыс істейтін 7 мейірбике бір уақытта жүкті болып, бір уақытта босанды

Суреттен тағы бір бос жатқан киімді көруге болады. Ол фототүсірілімге қатыса алмаған Джуэл есімді әйелдің қызына тиесілі.

Мейірбикелер суреттерді “Элита 8” атауымен белгілеп қойған. Әлеуметтік желідегі постқа қарасақ, 8 баланың екеуі бір есімге ие.

“Элита-8 әлемді басқаруға дайын. Таныс болыңыздар: Анна, Риз, Логан, Холден, Дэниел, Шарлотта және Шарлотта” (№3 Джевел мұнда жоқ). Мына әлемге қош келдіңдер, балапандар! Біз сендерді жақсы көреміз”, – делінген жазбада.

Бір бөлімде жұмыс істейтін 7 мейірбике бір уақытта жүкті болып, бір уақытта босанды

Бір бөлімде жұмыс істейтін 7 мейірбике бір уақытта жүкті болып, бір уақытта босанды

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау