Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір біріне ғашық қыз бен жігіт пойыз астына түсіп көз жұмды

17 жастағы бойжеткен 20 жастағы сүйіктісімен бірге пойыз астына түсті.

Фото:rus.ozodlik.org

Оқиға Өзбекстанда болды. Марқұмдардың жақындарының айтуынша, қыздың туыстары оның жігітіне тұрмысқа шығуына қарсы болған.

10 тамызға қараған түні Құмкишлак ауылында тұратын 17 жастағы Г.К. мен 20 жастағы Б.К өзіне қол салды. Олар жүк пойызының астына түсті.

Бұл жайтты темір жол милициясы растады. Прокуратура тергеу ісін жүргізуде.

Ауыл белсендісінің айтуынша, қыздың әкесі оның сүйіктісіне тұрмысқа шығуына қарсы болған.

Қыз әлі мектепте оқиды. Биыл 11-сыныпқа көшкен. Қазір көпшілік олардың өліміне жақындарының қарсылығы себеп деп отыр. Сенбі күні марқұмдарды жер қойнына тапсырды. Қыз бен жігітті бір махаллада жерледі. Жігіттің анасы қайтыс болған, тек әкесі ғана болған. Ол отбасындағы кенже ұл. Бұл оқиға ауыл үшін үлкен қайғы болды.

Аталған жайтқа қатысты Ішкі істер департаментінің өңірдегі бөлімі қылмыстық іс қозғады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау