"Бір-бірін құтқармақ болған": Нұр-Сұлтанда 4 жұмысшы кәріз құдығына түсіп өлді
Елордада жұмысшылар бір-біріне көмектесеміз деп кәріз құдығына түсіп өлді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

"Астана су арнасының" төрт сантехнигі метан газына тұншығып қайтыс болды. Олар кәріз құдығына түсіп, сорғы станциясына жөндеу жұмыстарын жүргізбек болған.
Белгілі бір себептерге байланысты құдыққа түскендер одан қайтып шықпады.
"Болжам бойынша бір қызметкер есінен танып, цилиндрге құлаған. Кейін оны құтқару үшін екіншісі баспалдақпен түскен. Осы екеуін құтқармақ болған тағы екі азамат та төменге түскеннен кейін тіл тартпай кеткен", - деді ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер.
2026 жылы шетелдік көрмелерге Алматы әкімдігі 1 млрд теңге жұмсайды: Делегациялар Дубай, Токио және Гонконгқа барады
Әр көрмеге орта есеппен 80 миллион теңгеден қарастырылған
"Ағаш сындырып, от жаққан, пиротехника атқан": Алматылықтар Бұтақты мен Көкжайлаудағы күл мен қоқысқа шағымданды
Тауға демалуға барған жұрт от жағып, тамақ пісіруге тыйым салу керек десті