Бір аптада үш рет: Оралдық сегіз жасар бала тағы да көлік ұрлап кетті
Оралдық 8 жасар бала бір аптада үш рет көлік ұрлады. Бұл жолы ол Hyundai автокөлігін ұрлап айдап Штыбы көшесінің жөндеу учаскесінде орнатылған «бетон блоктарға» соғылды.
8жасар көлік ұрлағыш баланың үшінші ұрлысы жайлы «Мой город» порталы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Оқиға орнына полиция тергеушілері келді. Олар көлік апаты орын алған жерді қоршап, тергеу жұмыстарын жүргізді. Сол уақытта атышулы көлік ұрлағыш бала полиция автобусында болды.
«Қазір біз автомобиль иесінін анықтаудамыз. Көлікті жеткізу үшін эвакуатор шақырылды. Оқиға орнына жасөспірімдер ісі жөніндегі полиция қызметкерлері келді. Олар баланы үйіне алып барады», – дейді тергеуші.
Апат орын алған жерге кішкентайлар балалар да жиналып алған. Олардың көпшілігі көлік ұрлаушы баланы жақсы білетін болып шықты. Балалардың айтуынша, апат 12 тамызда сағат 18: 00-де болған.
«Бұл бала бірінші рет көлік ұрлап отырған жоқ. Ол бойы аласа болғандықтан жолды көре алмайтынын айтты», – дейді баланы танитын бүдіршіндердің бірі.
Естеріңізге сала кетейік, 8 жасар бала 6 тамыз күні өзгенің көлігін айдап қашамын деп жол апатын жасаған болатын. Ал, екінші рет 9 тамызда «Теремок» дүкенінің жанында тұрған «Тойота» маркалы шағын автобусты ұрлап кетіп, көпірдің астындағы бағана барып соғылды.