Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биологтар күлгін түсті “дәрілік” картоп түрін шығарды

АҚШ-тың биологтары мен селекционерлері дәрумендер мен пайдалы заттарға бай, сондай-ақ канцерогенсіз картоптың жаңа сұрпын шығарды.

вмвм

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұл ретте осындай картоптың мәйегі қалыпты сары немесе ақ түсті емес, күлгін немесе қызыл түсті.

Колорадо штатындағы университеттің ғалымдары өздері шығарған жаңа картоптың қызғылт түсін антиоксиданттардың көп болуынан деп түсіндіреді. Көкөністің ерекше түске боялуы көпжылдық селекциялық жұмыстардың арқасы. Осындай картоп С дәрумені, фолий қышқылы, калий, темір, мырыш және түрлі фенол қосындыларынан тұрады. Зерттеушілер картоптың құрамында көкжидек және анардың құрамындағыдай антиоксиданттар бар екеніне сендіреді.

Бұдан басқа, картоптың бұл сұрыпында пісіру немесе қуыру кезінде канцерогендерге айналатын заттар жоқ.

Талқылау