Білім министрлігі қазақ-түрік лицейлерінің жабылуына қатысты пікір білдірді

Сенбі, 30 Шілде , 2016 14:16

ҚР Білім және ғылым министрлігі қазақ-түрік лицейлеріне қатысты ресми мәлімдеме жасады: Қазақстанда аталған оқу орындары (елімізде 27 лицей бар) жұмысын жалғастырады, ата-аналарға, оқушыларға алаңдайтын негіз жоқ.

1362652685_12-

ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлағанындай, ҚТЛ-дың Түркияға еш қатысы жоқ, оның оқу саясаты қазақстандық және халықаралық білім стандарттарына сай жасалған. ҚТЛ қызметін қадағалайтын «KATEV» халықаралық қоры президент Назарбаев пен Өзалдың қолдауымен Қазақстан мен Түркияның білім беру саласындағы келісімінің негізінде құрылған.

«ҚТЛ өз оқушыларының жоғары білім деңгейін паш етті және елдегі білім беру ордалары ішінде үздіктердің қатарында. Соңғы үш жылдың ішінде ҚТЛ оқушылары 5327 медаль жеңіп алды, олардың 986-сы Бразилия, АҚШ, Ресей, Оңтүстік Корея, Қытай, Румыния, Канада, Грекия, Грузия, Германия, Жапония елдерінде өткен халықаралық олимпиададан еншілеген медальдар. ҚТЛ-да 1 124 оқытушы жұмыс істейді, олардың 1 030-ы Қазақстан азаматтары (91,7%), Түркия азаматтары – 94 (8,3%)», – делінген хабарламада.

ҚТЛ қазақ тілінде оқытатын дарынды балаларға арналған олыстық лицей-интернаттар болып табылады. Биыл 1 634 бала лицейді бітірді. ҰБТ-дағы орташа балл 102,3 баллды құрады. ҰБТ-2016 қорытындысы бойынша, ҚТЛ «Қазақстанның үздік 100 мектебі» қатарына енді. ҚТЛ-да тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру тұжырымдамасына, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына, ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» жолдауына сәйкес жүзеге асырылады.

«Қазақ-Түрік лицейлерінің отандық білім беру саласында өзінің орны бар, және олардың қызметін басқа елдің саяси ахуалына қатысты байланыстырудың қажеті жоқ. Сырттан оларға қысым жасауға ешкім де құқылы емес, олар – Қазақстан мектептері мен Қазақстан азаматтары», – дейді ҚР БҒМ өзінің мәлімдемесінде.  – Біз ресми түрде мәлімдейміз, ҚТЛ мен «KATEV» қорында өзге елдердің жеке тұлғаларымен, ұйымдарымен және үкіметтерімен ешқандай байланыс жоқ».

Бұған дейін елімізде мақтаулы қазақ-түрік лицейлері жаппай жабылуы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Дұрыс. Білімімен қоса беретін тәрбиесі де жоғары деңгейде.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар