Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Білім министрі: 7 жасар баланың ісіне қатысты кінәлілер болса, ең қатаң жаза қолданылады

Ерлан Сағадиев ОҚО-дағы мектепте қатаң тексеру жүретінін мәлімдеді.

Бірақ тексеру тек тергеуден соң жүргізілмек. Бұл туралы Ерлан Сағадиев мәжілістің Үкімет сағатында мәлім етті деп хабарлайды stan.kz.

«Қазір тергеу жүріп жатыр. Әрбір 5 минут сайын бұған қатысты ақпарат таратудың керегі жоқ деп ойлаймын. Тергеу нәтижесін күтейік. Біз прокуратурамен, ІІД-мен сөйлестік. Бала қауіпсіз жерде. Онымен көп адам айналысып жатыр», – деді министрі журналистерге.

Журналистер Абай ауылындағы мектеп директорына қашан шара қолданылатыны жөнінде сұрады.

«Дәлел болып, сараптама нәтижесінде кінәлі екені дәлелденетін болса, міндетті түрде ең қатаң жазаны қолданатын боламыз», – деді Сағадиев.

Тағы оқыңыз:

Білім және ғылым министрі: Мұғалімдер артық жұмыс істемеуі керек

Аружан Саин ОҚО-дағы балаға қатысты соңғы жаңалықтарды айтты

Ресейде қазақстандықтарды тіркеу ережесі уақытша өзгереді

Талқылау