Бейонседен авторлық құқықты бұзғаны үшін 26 млн доллар талап етуде
Айыптауға негізгі себеп – Бейонсенің Formation композициясында 2010 жылы көз жұмған рэпер Месси Майаның рұқсатынсыз ән үзіндісін қолданғаны болып отыр.

Америкалық әншіден 26 млн доллар көлемінде өтемақы талап етті. Шағымды қаза болған рэпердің отбасы түсірді.
Олардың айтуынша, әннен 2010 жылы шыққан А 27 piece Huh? видеосында айытқан рэпердің сөзін тануға болады.
Заңгерлік компанияның сөзінше, отбасы әншімен бірнеше ай бой келісімге келмек болған. Алайда, ол нәтижесіз қалады.
«Мұндайды құрметсіздік деп атау керек», – дейді баспасөз қызметіндегілер.
Рэпер 2010 жылы 22 жасында оққа ұшып, көз жұмған.
Жіберіп алмаңыз:
Әнші Бейонсе егіз балаға жүкті екенін айтты (фото)
Фанаттары Бейонсені қолдау үшін өз денелерін кесіп қан ағыза бастады (фото)
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін
Қазақстандықтар қытайлық сайттардан жануарларға тапсырыс беріп, өлтіріп алған
Тұрғын: "Сол кезде иіс қалай шығатынын айтып жеткізу қиын”