Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейбіт Сейдуалиева: Тоқтар екеумізді ажыратқысы келген адамдар көп болды

Ұзақ уақыт бойы бала тәрбиесімен айналысып, ел көзінен тасада болған Бейбіт Сейдуалиева Zhuldyz.tv арнасының “Сенбілік серуен” бағдарламасына сұхбат беріп, біраз құпияның құлпын ашты. Әнші отбасын сақтап қалу, балаға дұрыс тәрбие беру турасында әңгіме өрбітті, деп хабарлайды Stan.kz.

Тоқтардың Бейбіті сахнаны сағынатынын жасырмады. Алайда соған қарамастан, әйел заты үшін жұмақтың исі аңқитын баланың жанында болудан асқан бақыт жоқ екенін атап өтті. Тоқтар Серіковтің келіншегі үш бірдей ұлын дәретсіз емізіп көрмегенін айтты. Бұдан өзге, Бейбіт кезінде Тоқтар екеуін ажыратқысы келген адамдар жайлы бар шындықты ашып айтты.

“Тоқтарды көргім келмеген сәттер талай болды, болмады деп айта алмаймын. Арамызда бұзушылар да болды. Қарсы қойып, болар-болмас сөзге бола екеумізді екі жаққа ажырастырып жібергісі келген жандар да болды. Бірақ бір таңғалғаным, Құдайдың бұйрығы деген керемет нәрсе бар. Алла Тағала ол адамды сенің жарың болуға, сенімен мәңгі бірге болуға бұйырса, сен ешқайда кетпейді екенсің. Қанша қиыншылық болып жатса да, қанша көрмегенім сол болсын десең де, қиылысатын жолдардан қашып жүрсең де, ақыры айналып топ еткізіп кездестіріп қояды. Сондай сәттер өте көп болды. Содан өзің келе-келе ұға бастайды екенсің, ол сенің адамың, қайда барсаң да ешқайда қаша алмайтыныңды түсінесің. Сондай сәттер болды, оның бәрі көрген түстей өтті, кетті”, – дейді Тоқтардың Бейбіті.

Әншінің айтуынша, екеуінің бірге болуына халықтың игі тілегі септігін тигізген.

“Біз жыласақ жылап, біз күлсек күліп, біздің тағдырымызды уайымдаған қанша халық бар. Солардың тілеуі, сол кісілердің баталарының арқасында әлі күнге біргеміз. “Кезінде сіздер жүрген кезде, Құдайым-ау осылар қосылса екен”, – деп анам тілеп еді деп тілектерін білдіріп жататын адамдар көп. Сол кісілердің батасы деп ойлаймын, Аллаһтың бұйрығы деген керемет қой”, – деп түсіндірді әнші.

Жіберіп алмаңыз:

Ақбота Сейітмағамбет пен Әли Оқаповтың арасында не бар? (видео)

Димаш Құдайберген ұнатқан қызы үшін қатарластарымен төбелескен

Намаз оқитын Абай Бегей арақ қойылған тойдан кейін қалай тазаратынын айтты

Әнші Рүстем Жүгінісовтың жары ән салып, елді аузына қаратты (видео)

Талқылау