Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бейбіт Қорған сахнадан неге кеткенін айтып берді

Әнші Бейбіт Қорған араға бір жарым жыл үзіліс салып, тыңдармандарына қайта оралды. Бұл әрекетінің себебі де жоқ емес. Неге алыстағаны туралы “Бүгін жексенбі” бағдарламасында айтып берді.

iECsEbY-42g

“Үзілісті алуыма өзімнің жеке өмірім, бала-шағамыздың қамы, көшудің сылтауы себеп болды. Өнерге байланысты уақытымызды өлтіріп, күні-түні жаңа альбомымызды жаздық. Жаңадан он алтыдай ән әзірледік. Әр әнге мұқият қарайтындықтан, қалай болса, солай қарамайтындықтан, әрқайсысына біршама уақыттан бөліп кеттік”, – деп әнші бір жарым жыл халық алдына шықпауының себебін түсіндірді.

Жасым қырық беске келіп қалды деп қалжыңдаған әнші “Семіргендігім рас, енді қатты семіріп кеттім. Қазір кішкене арықтаған сияқтымын. Бірақ бұдан да арықтағым, баяғы қалпыма қайта келгім келеді”, – деп спортқа көп көңіл бөле бастағандығын жеткізді. Алайда әнші модельдер секілді “қылти” болғысы келмейді дейді.

1

3

Әнші Бейбіт Қорған бұдан өзге сұхбаттарында үлкен сахнаға қадам баспай тұрып әртүрлі саланың басын ұстағанын айтқан болатын. Өзінің шығармашылық мансабын 2000 жылдары бастаған екен.

x_782cea09

2

Күн көріс қамы үшін Атырауда жүріп джинс шалбар сатқан.

Дәл қазір әнші елге танылған. Көптеген өзіндік тыңдарманы бар. Бір жарым жылдан кейін сахнаға қайта оралып, тыңдармандарға “Гүлдер-ай” атты ән ұсынды. Аталған әннің бейнебаянына Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәлі түсті.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Бейбіт Қорғанның жарын осы күнге дейін қызғанатындығын, ол туралы көп ешнәрсе айтқысы келмейтіндігі туралы жазған болатынбыз.

Талқылау