“Бейбақ, сен тексізсің”: Нұртас Айдарбеков келіні Жұлдызға тіл тигізгендерді орнына қойды
Жұлдыз Әбдікәрімова жүргізетін “Шаңырақ” бағдарламасы күні кеше алғаш рет эфирге шықты. Бұған дейін телеэфирге шығып көрмеген Қайрат Нұртастың келіншегі үшін бұл үлкен сынақ болғалы тұр. Себебі отбасылық бағдарлама Ұлттық арнада-тікелей эфирде жүреді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Бір ғана шығарылымның өзінде көрермендер Жұлдыздың талпынысын бағалап үлгерді. Олардың басым бөлігі Әбдікәрімованың тәжірибесі бар жүргізушілерден кем еместігін айтуда. Ал Жұлдызға ең алдымен, өз отбасы қолдау білдіріп жатыр.
“Үлкен сабақ аларсын өмірден де,
Сене берме себепсіз көрінгенге,
Қолдап жүрген жандарға қолыңды соз,
Қорлап жүрген жандарға көңіл бөлме.
Жамандасын, сен бірақ жамандама,
Алла сенің қорғаушың алаңдама,
Тырнағыңның астынан кір іздейді,
Тырнағыңа татымас адам ғана.
Енбесінші күншілдік есігіңнен,
Күншілдер де үркісін есіміңнен,
Кешіруді білмейтін дұшпандарға,
Қарай білші қашанда кешіріммен!
Жұлдызым жұлдызың жарқырай берсін!
Мынадай үлкен зиялы ата-әжелеріңнің батасы, саған күш-қуат беріп, жолың қашанда ашық болып, абыройың арта берсін күнім!” – деп ақжарма тілегін білдірді су жаңа тележүргізушінің енесі Гүлзира Айдарбекова.
Өкінішке қарай, Жұлдыздың еңбегін жоққа шығарып, телеэкранға ақшаның көмегімен шыққан деп пікір білдіргендер де баршылық. Солардың бірі Instagram желісінде:
“Аузы қисық болса да байдың баласы сөйлесін деген осыларға арнап айтылған мақал ғой, əйтпесе небір аратор майталман ұл қыздарымыз жүр ғой жоғарғы оқу орнын бітіріп табақтай дипломдарымен жұмыс таба алмай, ал мынау болса тв-дан шықпайды талтаңдасаң талтаңда, ақшаң болса қалтаңда, əлі шикі дым да жүргізе алмайды қалайша экранға шығарып жіберген”, – деп жазған.
Қызындай болып кеткен келініне тіл тигізгендерді Нұртас Айдарбеков қашанда орнына қоюға дайын.
“Гүлнар айтатыныңды бұқпай айт, демек тығылмай атаң тексіз бұғып өткен адам ғой шамасы сенің, маған ақшаны сен болмаса сенің тексіз атаң берген жоқ, өз еңбегім, бейбақ сен бұл өмірден осылай қайыршы болып өтесің, өйткені сен тексізсің”, – деп жауап қайтарған ол желі оқырманына.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.