Беттегі тыртықты қалай кетіруге болады?

Кейбір жарақаттың орны жазылмай, тыртық болып қалатыны белгілі. Осы орайда өмір бойы кетпей қалған тыртықты кетірудің бірнеше жолы барын айта кетейік.

Беттегі тыртықты қалай кетіруге болады?

Бүгінде косметолог мамандар лазер, пилинг, дермабразия, криотерапия (қою азотпен емдеу) жолдарымен тыртықты кетірудің түрлі әдістерін жасайды. Алайда сіз үй жағдайында-ақ тыртық орнын кетіре аласыз. Оның бірі балдырмен емдеу әдісі. Балдырды теріге жаққанда ол тез еніп, қан айналымын жақсартады. Егер балдырмен емдесеңіз жарты жылдан соң нәтижесін көре аласыз.

Одан бөлек қауынның дәнімен емдеуге болады. Әбден піскен қауынның 20 дәнін майдалап турап, 2 жұмыртқаның туралған қабығын қосасыз. Оған 5 мл зәйтүн майын тамызасыз. Қоспаны тыртыққа жағып, дәкемен орап қойыңыз. Осылайша 20 күн жасаңыз. Бір аптадан соң қайталаңыз.

Тыртықты жоюды тағы бір жолы –  жұпар жаңғағымен емдеу. Оны балмен араластырып жағасыз. Кейін жуып тастайсыз. Осылайша күнара 1-2 жыл қайталау керек. Егер теріңіз құрғап, кері әсер етсе, балдың орнына сүт құйыңыз. Бал мен сүттің мөлшері 1/4 көлемде болу керек. Іске сәт.

Оқи отырыңыз:

Ғалымдар ерлердің денсаулығына ерекше пайдалы сусынды атады

Сарымсақтың ешкім күтпеген пайдасы анықталды

Ғалымдар адам өмірін 10 жылға ұзартудың жолын тапты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар