Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адам танымастай бетінен айырылған жігіт 15 жылдан соң өмірге қайта оралды (фото, видео)

1997 жылы Вирджинияда тұратын 22 жастағы Ричард Норрис байқамай қарумен өз бетінен атып алады. Ол тірі қалғанымен, оның иегі, жағы, еріні түгелдей жоқ болып кеткен.

1

Бет-әлпеті адам көргісіз жағдайға түсіп қалған соң, адамдар тіпті оған қарауға жиіркенетін болыпты. Ал ол болса тек түнгі уақытта ғана көшеге шыға алған.

2

Тек ол қалыпты өмірге 15 жылдан соң ғана оралды. Өкінішке орай, бұл басқа бір адамның өліміне байланысты еді. 21 жастағы джошуа Аверсена жол апатынан көз жұмады. Оны құтқарып қала алмаған дәрігер Эдуардо Родригес оның ата-анасына біртүрлі ұсыныс жасайды.

3

Ол Джошуаның бетін Ричардқа жапсырғысы келетінін айтады. Ата-анасы келісім бергеннен кейін, 36 сағаттық операциядан соң Ричард жаңа келбетпен өмірге оралады.

4 жылдан соң Ричард қайтыс болған жігіттің әпкесі Ребекка Аверсанамен кездеседі. Бұл бір сондай жүрек толқытарлық сәт болған еді.

Оқи отырыңыз:

АҚШ тұрғыны кеменің елесін бейнетаспаға түсіріп алды (видео)

Ғалымдар эмбрионның жүрегі ұрықтанудан кейінгі 16 күнде соға бастайтынын анықтады

Программист дауыстап бұйрық беру арқылы шай қайнатуды ойлап тапты

Норвегияда мұсылман ер адам ислам ережесімен жүруден бас тартқан қызын зорлады

Талқылау