Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сапарбаев ҰБТ-дан төмен нәтиже көрсеткен мектептерді жабуды ұсынды

ҰБТ және колледждердегі дуальды білім беру барысы бойынша кеңес Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен әкімдікте болып өтті. Аталған кеңес барысында облыстың білім мәселелері қаралап, ҰБТ рейтингісі қаралған.

533892_1426839639

Бұл туралы “Ақтөбе ақпарат” басылымы хабарлайды.

Ақтөбе облыстық білім басқармасының жетекшісі Сәуле Өмірбекованың айтуынша, 2016 жылдың ҰБТ қорытындысына сәйкес, Ақтөбе қаласы мектептерінің түлектерінің орташа баллы төмендеген, ең төменгі балл Темір ауданында (70,9) тіркелген.

Сәуле Өмірбекованың айтуынша, төменгі балды алмаған және ҰБТ растай алмағандар арасында шағын комплектілі мектептерде оқитын балалар көп.

Осыған байланысты облыс әкімі мұндай мектептерді жауып, оқушыларды көршілес елді мекендердегі неғұрлым ірі мектептерге ауыстыру жөнінде ұсыныс білдірді. Олар үшін интернат ашу туралы ұсыныс айтылды.

— Ең бастысы – балалардың білім сапасын жақсарту, — деп атап өткен Бердібек Сапарбаев тамыз конференциясы алдында сараптама жүргізіп, ҰБТ төменгі көрсеткіштерінің себебін анықтауды тапсырды.

Мектеп түлектерінің одан әрі оқуды жалғастыру және жұмысқа орналасу мәселесі өзектілігін жоймай келеді. Білім басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, аймақта 17 мен 21 жас аралығындағы 417 жас азамат мектеп бітіргеннен кейін ешқайда оқымаған әрі жұмысқа орналаспаған. Оның 204-і кездейсоқ жұмыстармен айналысады, қалғандары – мүлдем жұмыс жасамайды.

Басқарма жетекшісі аудан әкімдеріне осы жастарға назар аударуды өтінді, өйткені ,облыстың бас педагогының пайымынша, әлеуметтік мәселелердің ушығуына байланысты шараларға өзге емес, дәл осындай азаматтар қатысуы мүмкін.

Кеңес барысында жергілікті колледжерде қордаланып қалған мәселелер де сөз болды. Мәселен, орта арнайы оқу орындарында кадрлар даярлау деңгейі сын көтенрмейді. Осыған орай кеңесте білім сапасы мен елімізде кеңінен енгізіліп жатқан дуальды білім беру бағдарламасының тиімділігін арттыру бойынша шаралар қолға алу керектігі айтылды.

Талқылау