Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бердібек Сапарбаев 12 жастағы шабандозға көлік сыйлады

Ақтөбеде Тәуелсіздікдің 25 жылдығына орай ұлттық ат спорты түрлерінен республикалық чемпионат өтті. Аударыспақ, көкпар тарту, теңге ілу, жамбы ату және аламан бәйгеде жеңімпаз атанған жүйріктерді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев марапаттады.

4609f4298a072f807e0c31ed606b2267

1-орын алған Алға ауданының шабандозы Қадір Әміржанов көлік мінді. Аламан бәйгеде 2-орынды Әйтеке би ауданы алса, үшінші болып Қобда ауданының шабандозы келді. Оларға қаржылай сый берілді, деп хабарлайды Bnews.kz.

Ақтөбеде ұлттық ат спорты түрлерінің республикалық чемпионаты ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні мәресіне жетті. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған шара кезінде орталық ипподромға мыңдаған ақтөбелік жиналып, астық жинау науқанының аяқталуын атап өтті. Мереке кезінде өңірдегі дихандар, еңбек озаттары, ардагерлер «Құрмет» орденімен, «Еңбек ардагері» медалімен, ауыл шаруашылығы министрінің, облыс әкімінің грамоталарымен марапатталды.

«Ақтөбеде астық жинау науқаны аяқталды. Биыл өңір 25 жылда болмаған жетістікке қол жеткізді. Егін бітік шығып, гектарынан 13 центнерден өнім жиналды. Ақтөбе шаруалары қамбаға 440 мың тоннадан астам астық құйды. Әсіресе, Әйтеке би ауданы шаруаларының жұмысы жемісті болды», – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қаржаубай Ыбырайымұлы.

Айта кетейік, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні Ұлттық ат спорты түрлерінің республикалық біріншілігі қорытындыланды. Жамбы ату, теңге ілу, көкпар, аламан және тоқ бәйгеге еліміздің 9 облысынан 150-ге жуық жүйрік шабандоз қатысты. Тартысты бәсеке қорытындысында көкпардан 1-орынды Оңтүстік Қазақстан, 2-орынды Жамбыл облысы, 3-орынды Маңғыстау мен Ақтөбе облыстары иеленді. Тоқ бәйге жүлделерін Ақтөбенің Әйтеке би, Қобда аудандары мен Қостанай облысы өзара бөлісті. Аламан бәйгеде Ақтөбе облысы, Алға ауданының 6-сынып оқушысы Қадір Әміржанов топ жарды. Өңір басшысы 12 жасар шабандозға көлік сыйлады.

«Ұлттық спорт түрлерін насихаттау жұмысы әрі қарай жалғасуы тиіс. Әсіресе, өскелең ұрпақтың ата-бабадан келе жатқан дәстүрімізді құрметтеп, ұлттық ат спорты түрлерін біліп өскені жөн. Алдағы уақытта өңірде ауқымды іс әрі қарай жалғасады. Қазіргі уақытта ипподром жанынан иппотерапия орталығы ашылып, жұмыс істеп тұр. Емге мұқтаж 112 бала тіркеуде тұрса, оның 20-дан астамы тұрақты ем қабылдап жүр. Тіпті, қажетті атты сатып алу жұмыстары жүріп жатыр», – дейді Сапарбаев.

Айта кетейік, тоқ бәйге жеңімпазына 1 миллион теңге, көкпарда топ жарған спортшыларға 300 мың теңге, Аударыспақ ойынының жеңімпаздарына 30 және 20 мың теңге сыйақы берілді. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық спорт федерациясының төрағасы Бекболат Тілеухан ұлттық спортты қолдап жүрген облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа өз алғысын жеткізді.

Жіберіп алмаңыз:

СҚО облысы әкімінің сұрауы премьер-министрдің күлкісін келтірді

Мұхамедиұлын ақша бопсалады деп айыптаған қазақстандық режиссерге айыппұл салынды

Жамбыл облысында 27 жастағы жігіт бүлдіршін кейпінде қалып өспей қалған (фото)

Дәрігерлер шарананы ана құрсағынан шығарып алып ота жасап, жатырына қайта салған (фото)

Жұмбақ сурет: Үш заттың ортақ ұқсастықтарын таба аласыз ба? (фото)

 

 

Талқылау