Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бен Ладеннің анасы ұлының зұлымға айналған себебін айтты

Нөмері бірінші террористің анасы 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі террактіден кейін 17 жылдан соң ұлының қалай джихад жолына түскенін айтып берді. Ол The Guardian басылымына сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бен Ладеннің анасы ұлының зұлымға айналған себебін айтты

Алии Ганемнің айтуынша, бен Ладен Сауд Арабиясындағы Абдул-Азиза королінің университетінде оқыған кезде «басқа адам болып өзгерген». Тіпті оның ұялшақ ұлы террорист болып, артынан қанды терракт ұйымдастырады деген ойына кірмеген.

«Ол университетте миын «ашытқан» адамдарды жолықтырмайынша, жақсы бала болған. Бұны бір адамға табыну депте атауға болады, – деп бөлісті анасы. – Оған ол адамдардан ауаша жүр деп қанша рет ескерттім, бірақ ұлым мені жақсы көргендігінен маған немен айналысатынын ешқашан айтқан емес».

Оқу барысынада «Мұсылман бауырлар» ұйымының мүшесі, кейін бен Ладеннің тәлімгері болған Абдулла Аззамен танысты. Соңынан азамат барлық қаражатын Ауғанстан мемлекетіне іс-сапарға барамын деген сылтаумен жұмсаған. Оның отбасы джихад жолына өткенін біліп қатты қиналған.

Мақала да сонымен қатар, бен Ладеннің бауырлары анасының бөлмеден шыққанын күтіп, «Алия Ганемнің әлі күнге дейін ұлының істеген қылмысына сенбейді және оны кінәләеудан бас тартады» дейді.

Әйел осы кезге дейін Джидда қаласында тұрып келеді және өз ортасында құрметті тұлға болып танылады. The Guardian репортері отбасының үйін зәулім екенін, іші жақсы дүниеге толғанын айтады. Қонақ бөлмесінің қабырғаларында бен Ладеннің суреттері ілінген. Оның артынан жесір қалған екі әйелі мен балалары қалаға жақын жерде тұрады екен.

Усама бен Ладен — «Аль-Каида» (Қазақстанда тыйым салынған) террористік тобының жетекшісі, 1998 жылдан бастап ФТБ ең көп іздеген террорист. Ол 2011 жылдың 2 мамырында америкалық спецназдардың операциясы кезінде жойылған. Оның денесі теңізде жерленген.

2001 жылдың 11 қырқүйегінде «Аль-Каид» мүшелері америкалық жолаушылар самолетін ұрлап кеткен. Екі ұшақ Дүниежүзілік сауда орталығына соқтығысып, үшіншісі Пентагон ғимаратына, тағы біреуі Пенсильвания штатының Шанксвилл қаласы маңында құлаған болатын. Соңында үш мыңға жуық адам қайтыс болып, оның ішінде 19 террорист бар, төрт мыңнан астамы жарақат алған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау