Белоруссияда жұмыстас 2 қызды зорлаған маньякты өлім жазасына кесті
Белоруссияда Гомель облыстық соты 2 қызды зорлап, өлтірген 33 жастағы қала тұрғына өлім жазасын кесті.
Мәліметтерге сәйкес, айыпталушы әйелді жұмысқа жеткізіп тастаймын деп алдап, көлік тұрағына күштеп апарып зорлап, өлтіргеннен кейін соңынан орманға апарып көміп тастаған.
Алғашқы құрбан болған әйел – 25 жастағы Алеся Пантелеева 2014 жылдың 14 шілдесінде өлтірілген. 3 жылдан кейін 27 жастағы Алевтива Машурикова жоғалып кетті. Екі әйел де айыпталушымен бірге жұмыс істеген.
Айыпталушының 3 жасар баласы мен әйелі бар. Ол бұған дейін тонау ісі бойынша сотталған. Алайда, мерзімінен бұрын босатылған.
Еске сала кетейік, Беларусь қазір Еуропа мен посткеңестік елдер ішіндегі өлім жазасы қолданылатын жалғыз ел болып отыр. Мұнда 1990 жылдан бері 400-ден астам адам ең жоғары жаза алған. Осынша уақытта президент тек бір адамға ғана рақымшылық жасаған.
Талқылау

"Актер Жан Байжанбаев жарнамалаған": Алматылық ана қызының киноға түсуі үшін кастинг компаниясының 1,5 млн теңге несие алдыртуға мәжбүрлегенін айтты
Анасының айтуынша, келген жерде ұзын-сонар кезек болған

"Түнде көмек сұрап шыңғырған": 16 жасар алматылықтың кісі қолынан мерт болғанын жақындары үш жылдан бері дәлелдей алмай жүр
Олар полиция істі бұрмалап отыр деп санайды