Белгілі тележүргізуші: Егер Талғат Теменов болмаса, Баянды қазақ халқы танымас еді

«Махаббат бекеті» фильмінің жалғасын түсіріп жатқан Баян Алагөзованың басы дауға қалып, аталған фильмнің режиссерінің өзі продюсерге шүйліккен еді. Алайда Алагөзова «ештеңе ұрламағанын» айтқанымен, фильмі төңірегіндегі дау әлі басылар емес. Бұл жолы танымал тележүргізуші Бибігүл Дәулетбекқызы режиссер Талғат Теменовті жақтап шықты, деп хабарлайды Stan.kz.

Белгілі тележүргізуші: Егер Талғат Теменов болмаса, Баянды қазақ халқы танымас еді

«Баян Алагөзова әпкеміз Талғат Теменовтің кезінде халықтың өліп-өшіп жақсы көрген “Махаббат бекетінің” 2-бөлімін түсіріп жатыр екен. Тағы келіп рұқсатын алмаған көрінеді. Ол ол ма, кейіпкерлердің аты Гүлнәз бен Орал. Мәссаған, безгелдек!

Талғат ағамыз шырылдап: “Бұл менің жазған “Гүлнәз” деген повесім ғой. Ал, “Махаббат бекеті” – менің авторлық фильмім. Идеясына дейін көшіріп алғаны былай тұрсын, әуенін де алған”, – деп қынжыла айтады.

Ал оған Баян әпкеміз беті бүлк етпей: “Мәдениет министрінен рұқсат алдым”, – деп қояды», – деп бастады сөзін Бибігүл Дәулетбекқызы.

Өз кезегінде журналист ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына сауал жолдады.

«Біз қазақ бір атым насыбайдан көңіл қалатын халықпыз. Соның бірі өзіммін. Менің сұрағыма жауап беріңізші. Баян Алагөзова ханымға қалайша рұқсат бердіңіз? Бұл нағыз қылмыс екенін білемісіз? “Гүлнәз” повесін жазған белгілі режиссер Талғат Теменов көкеміз. Ол кісіні әлем таниды. Сыйлайды. Бас иеді. Осы повесть бойынша түсірілген “Махаббат бекеті” фильмінің режиссері де Талғат Теменов. Әлде былтыр ғана осы әйелдің тарихи телехикаямыз “Қозы Көрпеш – Баян Сұлуды” ырым-жырымын шығарғанынан хабарсызсыз ба? Түсірсін “коровасын”, онда шаруамыз шамалы (Ол да кәрістерден ұрланған дүние. Қоя берші…).

Ал, неге Талғат Теменов секілді атақты режиссердің дүниесіне қол салады? Неге?» – деп жазды Дәулетбекқызы.

Сондай-ақ, өз сөзінде Бибігүл Дәулетбекқызы Баян Алагөзованы танымал еткен «Махаббат бекетіндегі» Гүлнәздің образы екенін басып айтты.

«Егер Талғат Теменов болмаса, Баянды бүгін қазақ халқы танымас еді. Баянды Баян еткен – Гүлнәз. Ал “Гүлнәз”-ді повесть етіп жазып, фильмнің идеясына дейін ойлап шығарған – Талғат Теменов. Миллиондаған көрермен сол фильм үшін де Баянның небір хикаяларын кешіріп келеді.

Ал, идея ұрлаған адамды өмірде жек көремін. Қарсымын! Сондықтан да, бұл жолы Талғат ағамыз жағындамын», – деп түйіндеді тележүргізуші.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
13.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар