Белгілі спортшының тойында өнер көрсеткен Тамара Асарға уыстап ақша шашты (видео)
Белгілі спортшының тойында әнші Тамара Асар ән айтты. Осы тойда ақшаны уыстап шашқандар елдің таңданысын туғызды.
Бұл дзюдодан жастар арасында Азия чемпионы Айбек Имашевтің үйлену тойы. Спортшының тойында Тамара Асар өнер көрсетті.
Ән айту кезінде уыстап ақша шашылды. Әнге билеп жүрген той қонақтары жанұшыра таласа бастады. Олардың ішінде үлкен әжейлер де бар. Әншінің өзі де жерде жатқан ақшаны алып жатты.
Желі қолданушыларының бірі ақша шашудың ысырап екенін айтса бірі қолдау білдіріп жатыр.
“Шашу ретінде шашып жатыр. Қазақта шашу деген бар, алғаны дұрыс бәріні4”, “Ақшасы көп болса, өздері біледі де не істесе де”, “Бекерге ақша шашу – ысырап, сауапты іске жұмсасын”, “Құр мақтан дарақылық”, – деп жазды желідегілер.
Астанада тіс емдеу кезінде көз жұмған 3 жасар қыздың өлімі: Сотта жаңа күмәндер мен сараптамалық қайшылықтар туындады
Ата-аналар сотта наркоздың зияны жоқ екенін реаниматолог пен анестезиолог алдын ала айтты дейді
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді
Тағы бірі Алматыдағы кейбір жол құрылыстары кептелісті жеңілдетуден гөрі арттырады деп алаңдайды