Белгілі әнші Алматы облысы әкімінің орынбасары болды
Белгілі жыршы Ақан Әбдуәлі Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, әнші-жыршы Ақан Әбдуәлі Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары болды.
Ақан Жылқышыбайұлы Әбдуәлі – 1975 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Шиен ауылында дүниеге келген.
Ақан Жылқышыбайұлы әншілігінен бөлек, тележүргізуші ретінде көпшілікке танымал. Ол «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Қазақтың 100 әні», «Телқоңыр» музыкалы танымдық хабарларының жүргізушісі әрі авторы.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген